Ақ үйде Байденнің портретінің орнына автоперо суреті ілінді
АҚШ-тың 46-президенті Джо Байденнің портреті Ақ үйдегі «Президенттер даңқ аллеясынан» алынып тасталды.
Дональд Трамптың АҚШ-тың 45-ші және 47-ші президенті ретіндегі екі портретінің ортасына автоперо – қолтаңба қоятын құрылғының суреті қойылды. Тиісті суретті Ақ үй 24 қыркүйек күні әлеуметтік желіде жариялады.
Автоперо Джо Байден президенттік мерзімінің соңында шығарылған үкімдерді жеңілдету немесе тұтқындарды кешіру кезінде қолданылған. Оның өзі бұл шешімдерді ауызша мақұлдағанын, ал көмекшілері «әңгіме өте көп құжаттар туралы болғандықтан» автопероны пайдаланғанын айтқан.
Трамптың айтуынша, Байденнің кешірім беру туралы шешімдері заңды емес, себебі олар автоперо арқылы қойылған. Оның сөзінше, құрылғыдан бұрынғы президенттің рұқсатынсыз пайдаланған, бірақ Байден мұны жоққа шығарып келеді.
Дональд Трамп екінші президенттік мерзімге сайланғаннан кейін бұрынғы президент Барак Обаманың портретін Ақ үйдің жабық бөлігіне көшіруді бұйырды. Сондай-ақ ол үлкен Джордж Буш пен кіші Джордж Буштың портреттерін көзге аз түсетін орындарға ауыстыруды талап еткен.