10:14, 12 Қаңтар 2024
«Әкесі болуым мүмкін»: журналист бельгиялық Жәнібекке қатысты жаңа мәлімдеме жасады

«Бармысың, бауырым?» бағдарламасының жүргізушісі Қымбат Досжан анасын іздеген Жәнібектің әкесінің табылуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Zhasalash.kz.
«Мен, Жәнібектің әкесі болуым мүмкін. ДНҚ анализ тапсырайыншы, деп бір Бауыржан есімді азамат хабарласты. Бүгін Әсел Асқарқызымен бірге клиникаға барып, Бауыржан қан тапсырды. Енді нәтижесін күтеміз», - деп жазды Қымбат Досжан.
Бұған дейін ол Жәнібектің анасы болуы мүмкін деген 10 әйел зерттеу нысанына алынған еді. Бірақ одан ешқандай нәтиже шықпады.
Еске салайық, Арқалық қаласында дүниеге келген бельгиялық қазақ баласы Қазақстандағы туған ата-анасын іздеп келген еді. Әрі Қазақстанның анасын тауып қана қайтатынын мәлімдеп, бейнежазба жариялады.