14:51, 25 Желтоқсан 2025
Әкесін аяусыз соққыға жыққан Түркістан тұрғынына екі бап бойынша айып тағылды
Бұған дейін әлеуметтік желіде ер адамның өз әкесін қатыгездікпен ұрып жатқан видеосы тараған болатын. Кадрларда ерлі-зайыптының қарияны соққыға жығып, аулада сүйрегені көрінеді.
Тергеу барысында 40 жастағы ұлы мен келінінің қарияны балалардың көзінше үнемі ұрғаны анықталды. Қарттың нақты неден көз жұмғанын анықтау үшін эксгумация жүргізілген.
Нәтижесінде күдіктіге екі бірдей айып тағылды:
адамның дәрменсіз күйін біле тұра азаптау;
денсаулыққа қасақана зиян келтіру.
Қазіргі таңда айыпталушы 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.