Әкесін өлгенше соққыға жыққан ер адамға сот үкімі шықты
Түркістан облысының Жетісай аудандық сотында қарт әкесін жүйелі түрде ұрып-соғып келген жергілікті тұрғынға қатысты резонанс тудырған қылмыстық іс аяқталды.
16 қаңтарда сот отырысында айыпталушы Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша кінәлі деп танылды:
-
110-баптың 2-бөлігінің 1-тармағы – дәрменсіз күйдегі адамды азаптау;
-
107-баптың 2-бөлігінің 3-тармағы – дәрменсіз жағдайда тұрған адамға орташа ауырлықтағы қасақана денсаулыққа зиян келтіру.
Сот шешімімен айыпталушыға орташа қауіпсіздіктегі мекемеде бес жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Судья үкімді оқып, жеңіл жазаны ауыр жазамен алмастырғанын атап өтті.
Сот барысында айыпталушы көз жасына ерік беріп, “Бәрінен кешірім сұраймын” деп мәлімдеген. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, прокурор ер адамды 6 жылға соттауды сұраған болатын.
Еске салайық, 2025 жылдың қыркүйегінде Түркістан облысында ер адамның әкесін аяусыз қорлап, балағаттап, тіпті ұрып-соққан видеосы әлеуметтік желілерде тараған еді. Сол кезде облыстық полиция ер адамды қамауға алып, қылмыстық іс қозғалған болатын.
Бұл іс қоғамда үлкен резонанс тудырып, әке мен бала арасындағы зорлық-зомбылық мәселесін қайта қарастыруға себеп болды.