Әкім Ахметов, Байахметов және жай Ахметов

18.09.2018, 15:19

52

Өткен сенбі күні ғана Аякөз ауданының 90 жылдығын атап өтіп, пайдалануға берілген мектептің лентасын қиып қайтқан облыс әкімі Даниал АХМЕТОВ тап қазір көктемде су шайып кеткен кейбір үйлердің жағдайынан бейхабар. Тіпті, осы жолғы аудан тойында сол отбасылардың басым көпшілігі үй алғанын көңілге тоқ санады ма, жөндеуге келген баспана мен үйсіз қалғандардың одан ары қарайғы тірліктері қалай жалғасқанымен ешбір шаруасы болмады. Бұл сөзімізге Аякөздегі «За линий» ықшамауданы, Тоқсанғазин көшесінде тұратын, әкімдіктің ықпалымен үйін жөндеуден өткізуге келісім берген Марат АХМЕТОВТІҢ әлеуметтік желіде таратқан бейнебаяны дәлел. (Сөзін шағындап қысқартып беріп отырмыз-авт)-Елбасымыз «Балалар біздің болашағымыз» дейді. Ал бұл балалардан қандай болашақ күтуге болады?! Осындай қиындықтарды көріп өскен бала әкімдерге қалай сенеді? Үлкендер «жарайды» деп шыдауға мәжбүрміз. Балалар ше?! Жарайды, «ремонт, ремонт» деді. (Әкімдіккке қаратып айтып отыр-авт). Эксперттер барлығын заңсыз істеді. Қолдарында бір сызғышы жоқ. «Визуально осмотр» деп айтады. Көзбен қарап-қарап кеткен. «Мынау жөндеуге келеді, мынау келмейді» деп. Ақиқатына, шынына келсек, үйіне су кірмеген, қабырғасында жарығы жоқ отбасылар үй алды,- дейді Тоқсанғазин, 125 үй тұрғыны Марат АХМЕТОВ.  Осылайша ашуға булыққан тұрғын аудан әкімдігінің жөндеуге жіберген құрылыс компаниясының дұрыс жұмыс жүргізбегендігін, құрылыс материалына ақша жетіспеушілігінен базардан  қарызға да алғандығын, басқа да уәдеге сыймайтын, миға қонбайтын тірліктерге  барғанын, тіпті, әкімдікті кінәлай келіп, өз-өзіне қол салуға мәжбүр болып отырғанын, сол үшін әкімдікті кіналайтынын  ашына айтады.Осыған орай Аякөз ауданының әкімі Бақытжан БАЙАХМЕТОВКЕ қоңырау шалғанымызбен, сөйлесе алмадық. Ал аудан әкімінің орынбасары Бауыржан НҮКІБАЕВ Марат Ахметовтің сөзін жоққа шығарды. — Мұның бәрі өтірік. Аудандық әкімдіктің көмегімен бір компания жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр,-деген ол Ахметовтің үйіне қандай компанияның жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқандығын нақты айтып бере алмай, күмілжіп қалды. Алайда, Нүкібаевпен де бұдан ары сөйлесудің сәті түспеді. Жағдайды одан ары нақтылағымыз келіп, бірнеше рет қайыра қоңырау шалғанымызбен Нүкібаев та ұялы телефонын көтеруді жайына қалдырды. Ал Марат Ахметовтің ызаға толы сөздерінің босқа шықпайтыны белгілі. Шатырға шығып алып, ашынысын жеткізген азаматтың жағдайы қазір дәрігерлер бақылауында екендігін көршісі Жанар МАСАҚОВАДАН білдік. — Марат Ахметовтің бүгін ыза-күйікпен осындай оқыс қадамға барғаны рас. Білуімше бес баласы да ауырып жатыр. Мен барғанда аудан әкімі Байахметов те келіп кетіпті. Ал  учаскелік инспектор осындай күйге жеткізген аудан басшылығы екендігін айтқанын естідім. Азаматтың амандығын тілейміз. Өзім де жетісіп жүргем жоқ. Менің үйімнің жайы бөлек әңгіме,-дейді аудан әкімдігіне деген наразылығын жасыра алмаған Жанар Масақова.Р.S: Қанша жерден ауданның 90 жылдығын дүбірлетіп өткізіп, Аякөздің атын  тағы таныттық десе де, облыс әкімі Даниал Ахметов аудан халқымен жүздесіп кетсе де «За линий» ықшамауданы тұрғындарының жергілікті атқарушы биліккке наласы таусылатын емес. Айтпақшы, облыс әкімі Д. Ахметов Аякөздің тойында жаңадан мектеп-лицей ашылғандығын әйгілеп, білім ошағының лентасын қиып аудан қуанышына ортақтасқан болатын. Алайда, бұл білім ошағының өзі  көктемдегі су тасқынына орай Аякөз ауданына жолымыз түскенде оқу үрдісін жалғастырып жатқан болатын… Салтанатты түрде ашылу салтанатын жасай алмағанын да анықтадық. Бірақ та облыс әкіміне мектепті бүгінгі білім ошағы ретінде көрсеткен аудан басшылығының шешіміне таң қалмасқа шараң жоқ.Фото: inform.kzМАТЕРИАЛДЫ РЕДАКЦИЯНЫҢ РҰҚСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ. 
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 12:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 13:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 10:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 20:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 11:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 10:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    25.11.2020, 10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57
  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    24.11.2020, 12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42