29.07.2020, 11:45
134
Шымкент қаласыныңәкімі Мұрат Әйтенов карантин шараларын ескере отырып, қала тұрғындарының жекесұрақтары бойынша онлайн қабылдау өткізді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөзқызметі хабарлады.
Қашықтан өткен қабылдауда шаһар тұрғындарытұрғын үй, коммуналдық сала мен әлеуметтік төлем алу және инфроқұрылым,медициналық көмек пен шағын кәсіпкерлікті қолдау мәселесін көтерді. Жиырмағажуық қала тұрғындарының өтініштерін тыңдаған Мұрат Әйтенов айтылған мәселелерқолданыстағы заң аясында қаралып, осының негізінде көмек көрсетілетінін алғатартты. Бұдан бөлек, мемлекет тарапынан беріліп жатқан әлеуметтік көмектерді алутәртібі мен кәсіпкерлікті қолдау бойынша жүргізіліп жатқан бағдарламалар туралытүсіндіріп өтті.
Сондай-ақ, қала басшысы карантин шараларын қатаң сақтауды айтып, ертең,жалпықалалық дезинфекциялау шарасын өткізу жоспарланып отырғанын жеткізді.
Айта кетейік, қала әкімі карантинбасталғаннан бері азаматтарды қабылдауды тоқтатқан болатын. Ендітұрғындарды қабылдау онлайн-форматқа ауыстырылды.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР