«Әкім Далабаев президент Тоқаевқа бағынбайды»

24.08.2019, 15:40

24

Алматыоблысына қарасты Қарасай ауданының әкімі Жандарбек ДАЛАБАЕВ президент Қасым-ЖомартТОҚАЕВҚА бағынбайды деп жазды мұғалім, қоғамдық белсенді Айман САҒИДУЛЛА facebook.comәлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында.

«Қайырлы күн Аймағамбетов мырза! Қарасай ауданының әкімі ЖандарбекДалабаев президент Тоқаевқа бағынбайтынынкөрсетті. Мұғалімдерді тал ақтауға шығарды. Алматы ОблысыныңБілім Басқармасы министрге бағынбайтынынкөрсетті», — деп жазбақалдырдыАйман Сағидулла.

Айман Сағидулланыңайтуынша, сенбілікке экс-президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ дүниеге келген Шамалғанауылының ұстаздары шыққан. Былтыр 2018 жылы Нұрсұлтан ӘБІШҰЛЫ мұғалімдерді әкімдерзаңсыз қара жұмысқа салатынын айтып, «Ұстаздар мәртебесі» туралы заңдыәзірлеуді бұйырған.


«Бүгін сенбіліктің болғаны рас. Мен әлеуметтік желідежариялаған фотоны Қарасай ауданының мұғалімдері арқылы алып отырмын. Мұғалімдердің өздерінінен де бар. Мысалы қазір біздіңмектепке әкімдер жоламайтын болған. Ұстаздардың өздері де күресуі керек қой. Жуырдаөткен тамыз кеңесінде мұғалімдерді еңбек шарттарында көрсетілмеген жұмысқасалатын әкімдерді президент Тоқаев сынады ғой. Тоқаевты тыңдайтын әкім жоқ.Кезінде Назарбаевты да тыңдамаған бұл әкімдер. Өздері не біледі соны жасапотыр. 

Ауданның тазалығына  ақша бөлінеді.Сол ақша қайда? Неге тегін жұмыс күші ретінде мұғалімдерді салып отыр.Президент айтуын айтты. Бірақ тыңдап жатқан ешкім жоқ. Менің түйгенім мұғалімөзін-өзі ғана қорғау керек. Одан басқа мүмкіндік жоқ. Елбасының туған ауылыҮшқоңырдың мұғалімдері сенбілік жасап жүргенде, бірдеме деп айтудың керегі жоқшығар. Бір жағы ренжіп отырмын. Президент неге бізді алдап отыр. Енді сендердіжұмсамайды деді. Барлық мұғалім сенді оған. Арада бір күн өткен жоқ қой.Баталов келе жатыр екен. Неге келеді? Келмей-ақ қойсыншы. Үлкен кісілер келедідейді де барлық мұғалімді көшеге қуып жатыр. Шаршадық», — дейді Айман Сағидулла «Жас АЛАШ»тілшісіне.

«Жас АЛАШ»тілшісі осыған байланысты Қарасай аудандық білім бөліміне хабарласты.

«Бүгін сенбі. Мұғалімдер демалып жатыр. Фейсбукқажарияланған фотоны көрдім. Ол жерде байқасаңыз қызметтік номердегі көлік бар.Ол аурухананың көлігі», — деп қысқа қайырды Қарасай ауданы білім басқармасыныңбасшысы Жарқын НҰРҒАЛЫМОВ.


Қарасай ауданындамұғалім болып еңбек ететін Балжігіт ТОРБАЕВ әріптестерінің ағаш әктеп, жолжиектерін тазалап жүргенін көргенін айтады.

«Сенбілікке Шамалған ауылындағы 5 мектептің мұғалімдерішықты. Бірін Барыс автовокзалының маңынан, екіншісін Астана көпірінің маңынан, тағыбір тобын Шамалғанға қарай бұрылыстағы жолдан көрдім. Өзім жеке жұмыстарымменкөлікте кетіп бара жатқан едім. Олардың мұғалімдер екені анық. Дәрігерлер болуымүмкін емес», — деді Балжігіт Торбаев «Жас АЛАШ»тілшісіне.

БізШамалғанда сабақ беретін мұғалімдердің бірімен хабарластық. Өзін атын атамаудысұраған ұстаз бүгін сенбілікке шыққандарын растады. Ал Шамалған ауылдықокругінің әкімі Ержас ТОҚТАСЫНОВ «Әрине,бұл ақпарат жалған. Қазір мұғалімдердің мәртебесі берілді ғой. Президент теайтты. Оларды ешқандай сенбілікке шығарып жатқан жоқпыз. Фотодағы қызметтіккөліктің те әкімдікке қатысы жоқ»деді «Жас АЛАШ»тілшісіне.

Коллаж:«Жас АЛАШ»

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 12:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 13:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 10:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 20:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 11:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 10:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
    28.11.2020, 11:09
  • Қазақстанда қылмыстың 12%-ын әйелдер жасайды
    28.11.2020, 16:52
  • 30 пайыз: «Шымбұлақ» жаңа маусымды карантиндік шектеулермен бастады
    28.11.2020, 13:30
  • Жастарға жол бермей жатқан ешкім жоқ
    27.11.2020, 09:16
  • Автовокзалға баласын тастап кеткен әйелдің кім екені анықталды (видео)
    27.11.2020, 11:36