Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
06:07, 10 Қазан 2020

Әкім Іле-Алатауы ұлттық паркіндегі экологиялық бекетке бақылау жүргізді

None
None

Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Қ.Кашкимбаев Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне жұиыс сапарымен барып қайтты.

Сапар барысында Іле-Алатау ұлттық паркінің экологиялық бекетіне, бұрынғы автостанцияға, сондай-ақ көлдің өзіне бақылау жұмыстарын жүргізді.

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Аудан әкімімен аралау нәтижесінде бірқатар кемшіліктер анықталды. Соның салдарынан "Қазэлектроэнергия" ЖШС, "Қазселденқорғау" ММ және Іле-Алатау ұлттық паркінің өкілдеріне бірқатартапсырмалар берілді.

​ ​ ​ ​ ​ 1) ТЖ болған жағдайда объектілер мен арнайы көліктің жұмысын қамтамасыз ететін қызметтер қызметкерлерінің көлігінен басқа, көліктің барлық түрлерінің өтуіне шектеу (тыйым салу);

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ 2) санитарлық тәртіпті сақтау үшін аумақты қоқыс жинағыштармен және арнайы урналармен қамтамасыз етуге міндетті;

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ 3) ұлттық парк аумағында биодәретханалар мен жеке гигиена пункттерін орнату;

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ 4) бөгетті және келушілердің демалыс объектілерін абаттандырудың эскиздік жобасын әзірлеу;

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ 5) ұлттық парк аумағында телефондандыру және интернет мәселесін пысықтау;

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ 6) көрнекі ақпарат пен көрсеткіштерді орнату;

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Жоғарыда аталған іс-шаралар Есік көлінің туристік маңыздылығын арттыруға  бағытталған.

Тегтер: