«Әкім Испанов 6 млрд ақшаны дұрыс жұмсап жатқан жоқ»

14.06.2019, 04:33

9

Ақтөбеніңтұрғындары қала әкімі Ілияс ИСПАНОВТАН суы азайған өзендер мәселесін шешудіталап етті. Айтуларынша қала маңындағы сегіз өзеннің арнасын тазартамыз дегенбилік керісінше экологияға залал келтіріп жатыр. Тұрғындар әкімдіктің бұлжобасы бюджетің ақшасын оңды-солды шашу деп санайтындарын айтады. Алайда қалаәкімі құны 6  миллиардтан астам теңгетұратын жоба өзендердегі суды азайтып жатыр дегенді мойындамайды. Өзен арнасынкеңейтудің құрғақшылыққа мүлдем қатысы жоқ дейді.  

Өзен арналарытартылғаны соншалық биыл еккен бау бақшамызды да суғаратын су таппай отырмыздеп налиды тұрғындар.Сөздерінше өзен арналарын кеңейтіп, тазартамыз деген билік су астындағыбұлақтардың көзін бітеп, жағалаудағы ағаштарды аяусыз отап жатыр.Тұрғындарәкімдіктің бұл жобасы кабинетте отырып шешіле салған дүние деп отыр. 

«Бұл жобаны кім, неүшін ойлап тапқан? Құрғатып бітірді. Халық қалай бау бақшаларын суарады?  Тұрғындарың жағдайын кім ескерді?  Әкімдіктің жасап отырғанының бәрі заңсызәрекеттер.  Өзеннің арнасы енді толмайды.Бәрін құртты. Бұлақтардың бәрін бітеп тастады», —  дейді тұрғынВлад САМАРАЕВ.


«Өзеніміз тап таза әрі терең болатын. Балық аулайтынедік. Ал қазір қараңыз, не болғанын! Балота. Мен түсінбеймін, неге бәрін бүлдіріп жатыр? Өзенді неге құртыпжатыр?  Біз таң қаламыз!», —  дейді әкімдіктің жұмысына наразы тұрғын ЛюбовьКОЛБАСОВА.

Қала әкімініңайтуынша,  өзендердегі судың азаюына жаңбырдыңаздығы мен қардың қалың түспеуі себеп екен.

«Ақтөбеліктердің бәрі наразы болып жатыр дегенге менкеліспеймін. Себебі сіз тек қана наразы болған адамдарды ғана тыңдайтыншығарсыз. Қазіргі құрғақшылық пен жөндеу жұмыстарының  екеуі екі түрлі нәрсе. Егер кезінде үйреніпқалған насостар мен суды ұстап тұратын дамбалар тұратын болса қазір судытазалаған кезде соларға өзгерістер енгізіледі. Бірақ ол жөндеп болғаннан кейінқайта қалпына келеді», —  дейді Ақтөбеқаласының әкімі Ілияс Испанов «Жас Алаш» тілшісіне.

Осыдан тура екіжыл бұрын болған су тасқынынан кейін Ақтөбенің билігі қала айналасында ағыпжатқан сегіз өзеннің  арнасын кеңейтіп, табанынтазалау туралы шешім қабылдаған болатын. Жоба бойынша  180 шақырым өзен тереңдетіліп, жағасыбекітілмек. Жобаға «Жол картасы» бойынша республикалық бюджеттен алты миллиарджеті жүз мың теңге бөлінген.

Қазір әкімдіктегілеросы тазалау жұмыстарымен төрт мердігер компанияның айналысып жатқанын айтады.Алайда ақтөбеліктер биліктегілер өзендер мен жасыл желектерге  залал келтіруін тоқтатып, миллиартап бөлінгенқаржыны  су қоймаларының құрылысынажұмсасын дейді. 

Фотолар автордікі.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27