Әкім Маржықпаев Қопа көлін қашан тазалайды?

05.08.2019, 22:22

16

Көкшетауқаласының ортасындағы Қопа көлінің мәселесі 3-4 жылдан бері шешілер емес. Көлдітазартудың нақты жобасы жоқ деп эколог мамандар талай рет айтқанды-ды. Бұл жолыақын Бауыржан ҚАРАҒЫЗҰЛЫ былғанған көлдің проблемасын көтерді.

«Ақмола облысыныңәкiмi Ермек МАРЖЫҚПАЕВТЫҢ назарына! Көкшетау қаласындағы Қопа көліне не болған?Мына фотосуретті көріп жүрегім ауырып отыр. Студенттік жылдарымыз, жастықшағымыз осы көлдің жағасында өтіп еді. Қазір сор-батпақ басып кеткен. Қаланыңортасындағы көл саси бастаған. Өткен жылдарыбұрынғы әкім Мәлiк МЫРЗАЛИН Зерендi балық питомнигiнде өсiрiлген 13 мыңға жуықақ амур және 3 мыңға тарта дөңмаңдай балығын көлге жiберген екен. Онысы дұрыс.Балық көбейсін деген шығар. Бірақ сол жіберген балықтары тірі ме екен? Соның керікесірі тиіп жатқан жоқ па? Тартылып бара жатқан көлде балық өмір сүре ала ма? Әкімдіккөл жағасына жақын орналасқан 100-ден астам жер үй сүріліп, жаңа құрылыссалынады депті. Әуелі құрылыс салмас бұрын көлді сасытпай тазалау керекқой! Ақмола облысының атқамінер басшылары  алдағыаптада Қопа көліне қатысты нақты жұмыстардың жоспарларымен таныстырсын, мынақиын жағдайда қалған Қопа көліне шұғыл шара қолдансын деп талап етемін! Нақтыжауап күтемін!», — деп жазды ақын Бауыржан ҚАРАҒЫЗҰЛЫ facebook.comәлеуметтік желісіндегі парақшасында.

2018жылы Ақмола облыстық полиция департаменті «Уылдырық» шарасынан кейін бұл көлденбалық аулауға 2020 жылға дейін тыйым салынған. Қызығы, 2009 жылы Қопанытазартудың жобасы әзірленген. Әуелі тендер өткізіліп, оны германиялық біркомпания ұтып алған болатын. Көлді тазарту үшін 25 млрд теңге кетеді деп болғанеді. Содан бері арада 10 жыл өтті. Қопа көлінің ажары күнен-күнге тайып барады.

Фото: facebook.com

 

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Жарты мүшелі жан жұртқа жігер беріп отыр (видео)
    10:22
  • Ар сатылды, кен шашылды
    09:55
  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16