Әкім Нәлібаев ардагерін ардақтамай ма?

02.09.2019, 19:18

4

«Жас АЛАШ»редакциясына Қызылордадан 96 жастағы қарт жауынгер Әбдіраман ӘБІШҰЛЫНАН хаткелді. Екінші дүниежүзілік соғыста фашизмге қарсы соғысқан ардагер әлі үйсізжүргендігін айтады. Қала әкімі Нұрлыбек НӘЛІБАЕВТЫҢ қабылдауына кіре алмайжүрген ақсақалдың журналистерге шағымдабасқа амалы болмаған сынайлы. 2018 жылғыресми дерек бойынша Қызылорда облысында бар-жоғы 37-ақ соғыс ардагері қалғанекен. Жас ғұмырлары майданда қалған ардагерге бір пәтердің бұйырмағаны өкінішті. «Жас АЛАШ»ақсақалдың хатын қаз-қалпында жариялауды жөн көрді. Бәлкім жаңадан облысбасшылығына тағайындалған Қуанышбек ЫСҚАҚОВТЫҢ назарына ілігер. 

Біз, бейбітелімізді алған сұм соғыста ерлік пен қайсарлықты көрсеткен жандармыз. Біздерелге жеңіс, бақыт, теңдік, ерлік сыйлаған аңыз адамдармыз. Жастарға — Отандықалай қорғайды, елін қалай сүю керек екендігін үйренсе екен дейміз.


Мен Әбдіраман ӘБІШҰЛЫ, 1923 жылы Қазалы ауданының «Томайкөл»ауылында дүниеге келдім. «Сарытоғай» мектебін бітірісімен 1941 жылы Ұлы Отансоғысына аттанып кеттім. Алдымен жауынгерлер тиелген поезбен бізді Орынбормаңына түсірді. Екі жетіден соң поезбен Горкий облысының Дзержинский дегенқаласына жеттік. Біршама уақыттан кейін, Мәскеуге жақын 40 шақырымға келіпжеткенде гитлершіл Германияның фашистік армиясына қарсы жасақталғанҚазақстанның №365 Панфиловтың полкіне қосып жіберді. Сөйтіп, даңқты әскериқолбасшылар  Сталин мен Жуковтың өтеқұпия түрде белгіленген жоспарына сәйкес фашистерді Москва түбінен аластап керіқайтару мақсатында, 1941 жылдың 6-шы желтоқсанында 50-55 градус суық аязда,таңғы сағат 4-те басталған тарихи қарсы шабуыл қырғынына қатыстым. Бұл күнгіұрысқа сол уақытқа дейін іс жүзінде пайдаланбаған, кейін жаудың зәре-құтынқашырған күшті қару «Катюшаны» бірінші рет қолдану арқылы болашақ Ұлы Жеңіскеберік негіз қаладық.

Совет армиясының ержүрек солдаттарының қайраты менқуатына шыдамаған басқыншылардың беті қайтып, сағын сындырдық. Соныңнәтижесінде біз қорғаған Ресей қалалары мен елді-мекендері жаудан тазартылып,азапқа түскен азаматтар азаттық ала бастады. Мен Ә.Әбішұлы сұрапыл соғыстыңбасынан бастап аяғына дейін қатысқан тірі куәгердің бірімін. Мен жүріп өткенжауынгерлік жолдың ауыртпалығын, жаудан тазартуда талай боздақтардың жанын пидаеткенін қинала еске аламын. Әдепкі кезде Украина майданы қарамағында Киеварқылы жүріп отырып, Германия шекарасына жауынгерлердің алғы сапында кірдім.Берлинді басып алу жөніндегі тарихи құпия жоспардың іске асырылуына қаруластарымменбірге аянбай атсалыстық.

Гитлер армиясы Москвамен ақырғы рет қоштасқан күні,олардың Отан соғысындағы алғашқы күйреуі еді. Бұл СССР үшін үлкен тарихибетбұрыс жеңіс болды. Панфилов бас болған жаяу әскер қатары, оның батырыБ.Момышұлы басқарған қазақстандықтар Москваны азат етіп, неміс армиясына қарсыкүйрете соққы беруде үлкен рөл атқарды. Маршаль Жуков басқарған Белорусь фронтықарамағында Украина, Киевке қарай шайқасқан қан төгіспен ілгері қарайнемістерді шегіндіріп, баяу жылжи бердік. Әсіресе, Украина елінің «Белый» дегенқаласында немістер беріспей қарсыласып, 4-5 күнде әрең дегенде азат еткенімізесімде. Қала халқы Совет әскерін көшеде қол шапалақтап қарсы алды. Шығын екіжақта да көп болды.

Қайсы бірін айтайын, соғыстың небір қиыншылықтарын көріп,оқ жауып тұрғанда артымыздан тамақ келмей, траншейдің ішінде аш жатқан күндерде болды. Сонымен СССР және Германия басып алған шет мемлекеттерді азат етіп,соғыстың аяқталуына аз қалғанында снаряд жарқыншағынан госпиталда біраз жатып,елге мүгедек болып оралдым. Үшінші дәрежелі «Отан соғысы», екінші дәрежелі«Отан соғысы», бірінші дәрежелі «Отан соғысы», «Жеңістің 20 жылдығы», «Жеңістің30 жылдығы», «Жеңістің 40 жылдығы», «Жеңістің 50 жылдығы», «КСРО ҚарулыКүштеріне — 70 жыл» мерекелік, «Маршал Жуковтың» естелік медальдарыменмарапатталдым.

Ауылға келген соң өмірімнің негізі «Қазалы» асыл тұқымдықой совхозында өтті. Сол шаруашылықта Жанкүл Байназарқызымен бас қосып, отбасықұрдым. Жұбайым Жанкүл 13 баланың анасы, «Батыр Ана», «Алтын алқа» атағына иеболды. Өзім ауылда 52 жыл түрлі саладағы шаруашылық жұмыстарын атқардым.Есеп-қисап саласын жетік меңгеріп, совхоздың бас есепшісі болдым. Балаларымныңбілім алуына және отбасы құруына жағдай жасадым. Енді жас ұлғайды, 3 рет ауыроперацияға түстім. Соғыстың зардабы да, көбірек сырқаттанып қала беремін.

Менің жастық шағым соғыста, қиындықта өтті. Елдіңтыныштығын, ұлттың қамын, әлеуметтік экономиканы дамытуға өз үлесімді қостым.Жұбайым Жанкүлдің дүниеден өткеніне 22 жыл болды. «Тумақ бар да, өлмек бар»деген емес пе? Менің жасым 97-ге келді. Бірақ, бүгінде тұратын тұрақты баспанамжоқ.

Қызылорда облысының бұрынғы әкімі Қырымбек КӨШЕРБАЕВҚА2017, 2018, 2019 жылдары баспана сұрап арыз жазып едім. Қала әкімі Нұрлыбек НӘЛІБАЕВҚАсілтейді, ал оның мені қабылдауға құлқы жоқ па әлде ҰОС ардагерлеріне дегенмейірі, сыйластығы жоқ па?! Рас, 2013 жылы Титов қыстағынан 2-ші қабаттан бірбөлмелі үй берді. Ал, ол үйдің жағдайы өте нашар. Қыстай іші көгеріп, сарыаязданыптұрады. Қанжылым жылуы кәрі ағзаны жылыта алмайды. Екі күннің біріндежедел-жәрдемнің көмегіне зәрусін…  

«97 жас жасайын деген жасым ба, атала ішейін деген асымба?» – демекші, өмірімде соғыс көріп, бүкіл өмірімді бейнетпен өткізгенімде, ендіқашан зейнетін көрем – деп, ойлаймын. Мен, қазір құжат бойынша Қызылордақаласында тіркеуде тұрамын. Ал, өзім Шымкентте жүрмін. Өткен жылы Қызылордақаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевқа барғанымда, жиналыс болып жатыр депқабылдамады. Санаулы ғана ардагер қалдық қой. Тіпті, осы жылы ардагерлергебилбордта ілген жоқ. Келіп құттықтап, батамызды да алған жоқ.

Титов қыстағындағы бір бөлмелі үй маған керек емес. Менжалғыз ол үйде қалай тұрамын. Маған Марат деген балам қарайды. Бірақ, Мараттың5-6 баласы бар, бір бөлмелі үйге қалай сыйамыз. Мені далаға шығаратын,тамақтандыратын, киіндіріп, шешіндіретін қамқоршыларым балаларым емес пе? Оларқайда тұрады. «Өлім бар да, қаза бар» демекші, мен өлсем, Шымкентке қаласынажерлей ма?

«Аш бала тоқ баламен ойнамайды, тоқ бала не боларынойламайды». Ертеңгі облыс, қала әкімі менің жасыма келмей ма? Тіпті, 3 бөлмеліүй менің соғысқа қатысқан күндеріме де татымас. Осындай жаста өз баспанаң жоқ,әр есікте тентіреп жүрген не қорлық. Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Титовтан бергенбір бөлмелі үйді қайтып алсын!

«Атаңа не істесең, алдыңа сол келер» деген емес пе? Қалаәкімі онсыз да «Үрлеп ішіп, шайқап төгіп» отыр ғой. Ал, біз сияқты ҰОСардагерлері паналайтын баспанамыз жоқ, тентіреп жүргеніміз мынау. Менің зарымдыкім тыңдар екен?!...

Қартжауынгер – Әбішов Әбдіраман 

Фото: kyzylorda.gov.kz
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39