Әкім Өнербаев халықтан кешірім сұрады (видео)

16.08.2019, 12:41

3

Үш өзенніңортасында орналасқан (Шажа, Қора, Текелі өзендері) Текелі қаласының тұрғындары талайжылдан бері таза ауыз суға жарымай келеді. Краннан аққан су ішуге жарамсыз. Тіршілікнәрінен тарыққан Текелі жұрты  ауыз судыңорнына  лай ішуге мәжбүрміз  деп ашынып отыр.


«Жаз келсе крандағы су кәдімгі лайға айналады. Әсіресе,жауын жауғанда қатты байқалады. Ішуге жарамсыз. Бірақ, сол судың әр текше метріне 47 теңге төлеп жатырмын. Дәретхана мен кір жууға пайдаланамыз. Ішетінауыз суды 400 теңгеге такси жалдап бұлақтан тасимыз. Ал, енді жоғарғықабаттарда тұратын мен сияқты зейнеткерлердің қалай қиналатынын өзіңіз ойлапкөріңіз», — дейді текелілік зейнеткер Дәния АХМЕТҚЫЗЫ.

Қиындық туғызса даамалы таусылған тұрғындар ауыз суды ашық жатқан Қора өзенінен тасиды. «Өзенсуының денсаулыққа қаншалықты қауіпті екенін ойлап жатқан ешкім жоқ. Дегенмен,бұл су үйдегі краннан ағып жатқан судан әлдеқайда таза»  дейді су тасуды әдетке айналдырған Текелітұрғыны Елена ДОЦЕНКО.


«Кешкі 6-дан кейін су алу үшін кезекке тұрамыз.Өзенге түсіп-көтерілудің өзі қиын. Бұл жерден мал да су ішеді. Сондықтантазалық мәселесі туралы айту артық шығар. Қақпаған есік қалмады. Бірақжанайқайымызға құлақ асатын ешкім жоқ».

Мұндай проблеманыңбар екенін растағанмен, қаланы ауыз сумен қамтып отырған  мердігер компания халық жаратпаған ауыз судыішуге жарамды деп отыр. 


Бақыт САЛИЕВ «Текелі су құбыры» мемлекеттікмекемесінің директоры:«Бұл суды халық бұрыннан ішіп келеді. Сутаза, ішуге жарайды.  Біздің компанияныңзертханасы су құрамын күн сайын тексеріп отырады. Сондай-ақ, қоғамдық денсаулықсақтау департаменті де су құрамын үнемі бақылап отырады. Биыл ғана су біразластанды. Себебі, биылғы жаз қатты ыстық болғандықтан таудағы мұз еріп, судылайлады. Одан бөлек, жауын жауғанда ескірген сүзгілер суды тазартып үлгермеді».


Владимир ГОЛУБЕВ Текелі тұрғыны: «Амал жоқ. Қол қусырыпотырсақ бізге кім су береді? Қиын болса да тасимыз. Кейде дүкеннен сатыпаламыз. Тілшілерді пайдаланып, әкімге бірер ауыз өтініш айтқым келеді. "Құрметті,әкім мырза! Біздің жағдаймен жақсы таныс шығарсыз. Қол ұшыңызды созып, қолғабысжасасаңыз екен»!

Туындаған ауыз сумәселесіне қала басшысы Бақтияр ӨНЕРБАЕВ өзін тікелей жауапты тұлға екенінайтты. Сондықтан осы уақытқа дейін түйіні тарқамай тұрған проблема үшінхалықтан кешірім сұрады.  

«Мен, Текелі жұртшылығы алдында басымды иіп,кешірім сұраймын. Әкім ретінде біраз жыл бойы осы мәселені шеше алмай келемін.Бірақ, бұл тек маған байланысты емес екенін айтқым келеді. Оған уақыт керек,ресурс керек, қаражат керек. Бұл бағытта жұмыстар атқарылып жатыр. 2 жыл бұрыноблыс әкімдігі ақша бөліп, 2 жылда  4ұңғыма қазғанбыз. Жыл басынан бері бұл мәселені облыс әкімдігінде көтеріп кележатырмын. Соңғы рет тамыздың 12-де Амандық БАТАЛОВҚА кіріп мәселені баяндадым.Ұңғымаларға су құбырын тартып, насос станцияларын, сүзгі станцияларын салумәселесі бойынша жоба-сметалық құжаттама дайындадық. Қазір конкурс жариялап, қорытындысын күтіп отырмыз. Соданкейін мердігер компанияны анықтауымыз керек. Олар жыл соңғына дейін құжаттарын жасап, мемлекеттік сараптамадан сәттіөтсе келесі жылдың бюджетіне енгізу туралы жоспарымыз бар», — деді қала әкімі Бақтияр ӘЛТАЙҰЛЫ.

Фотолар автордікі.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    20.09.2020, 13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    20.09.2020, 13:34