Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:00, 30 Маусым 2023

Әкім орынбасары неге жұмыстан кетті?

None
None

Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев, бүгін  кеңейтілген кеңесте қала әкіміне Әлихан Бөкейхан ауданы әкімінің аулаларды абаттандыруға жауапты орынбасары Қойшыбай Сүлейменовты жұмыстан босату жөнінде тапсырма берді.

Суыт хабар мен жедел шешімге мына мәселе түркі болды: 

— Өткен аптада жауапты сала қызметкерлерінің салғырттығынан облыс орталығындағы ойын алаңында екі бала ауыр жарақат алды.  Мен,  тиісті ведомство өкілдеріне ойын алаңдарына жөндеу жұмысын жүргізгенде қауіпсіздік шартын қатаң сақтау  керектігі жөнінде бірнеше рет  ескерту жасадым. Әсіресе, ойын алаңдары мен футбол алаңдары, сондай-ақ сәулет нысандарының беріктігі үнемі тексеріп, жіті  бақылауға алынуы керек.  Бас пайдасын көксейтін мердігерлерге сенім де,  дауа да жоқ.Бұл орайда,  тапсырысты қабылдап алатын  әріптестерімнің  жауапкершілікті сезінбеуі өкінішті, -деп күйінген өңір жетекшісі, құқық қорғау органдарынан  төтенше жағдайға жол берген мердігердің ісіне құқықтық баға беруді  және қауіпсіздікті арттыру бағытындағы абаттандыру ережелерін қайта қарауды сұрады.  Е. Бөлекпаев ойын алаңдарындағы жасанды көгалды тартан жабындысымен алмастыру жайлы ойын ортаға салды. Ол  бұдан былай қарай, «ел ертеңдерін қауіпсіз балалық шақпен  қамтамасыз ету -Қарағанды билігінің басты  міндеті болуы керек» дегенді қадап айтты.

 «Шыдамның да шегі бар» деген рас. Соңғы оқиғаға  қазіргі облыс әкімі Бөлекпаевтың ерекше шамдануының жөні бар.  Мұның алдындағы әкімдердің кезінде бұдан сорақы оқиға болған.  Нақты айтқанда, 2019 жылы мамыр айында шаhардағы саябақтың бірінде  үрленбелі батут аударылып, 11 жастағы бала  дүйім халықтың алдында ажал құшқан еді. Өрімдей ұлдың өлімінен кейін, жауапты шенеуніктер қатаң жазадан сытылып кеткен болатын. Мердігерге жомарт,  ісіне салақ  шенеуніктер Бөлекбаевтың бөлек бастамасынан қаншалықты сабақ алғанын алдағы уақыт көрсетеді.

Естеріңізге сала кетейік,  маусымының 19 күні Қарағандыда қатты дауылды жел тұрып, осы сәтте «Көгілдір тоғандар»  ықшамауданындағы ойын алаңында болған сегіз және тоғыз жастағы балалар ми-бас сүйегі жарақатымен ауруханаға жатқызылған болатын. Мүшкіл халдегі  бүлдіршіндердің жағдайы қазір  қалыпты.  

Тегтер: