«Әкім Қошанов түрік жігітін кешіріңіздер деді»

13.08.2019, 13:59

36

Қарағанды облысының әкімі Ерлан ҚОШАНОВ келіп кеткеніменЖәйремдегі жұмыссыздық мәселесі шешіле ме?

Кеше 12 тамыз күні Жәйрем тау-кен комбинатындатөбелес болып, бірнеше шетелдік қызметкер жарақат алған. Бұл мәселенің нақтысебебін облыс басшылығы да, полиция да ашып айтпайды. Неге жасырғысы келетінітүсініксіз.

Қазір облыстық полиция департаментініңхабарлауынша, ҚК-тің 293 бабы 3 тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарыбасталыпты. Бірақ нақты күдікке ілінгендердің кім екені айтылмады.

«Өзгеақпараттар Қазақстан Республикасы Қылмыстық Процессуалдық Кодексінің 201 бабынасәйкес жариялауға жатпайды», — деп хабарлама таратты Қарағанды облысы полициядепартаментінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желіде жанжал түрік азаматының қазаққызына қырындауынан басталды деген ақпараттар шыққан еді. Өңірдегі «ЖасАЛАШ»тілшісі оқиға куәгерімен тілдесті. Жергілікті халықтың айтуынша,басты себептің бірі жұмыссыздық. Кенттегі өндіріс орнына көбіне шетелдікжұмысшыларды алып, жергілікті азаматтар сырт қалып жатады екен.


«Кешегідүрбелеңнің ортасында жүрдім. Бізде Жәйремде Полиметалл зауытында салыныпжатқан өндіріс зонасы бар. Дау содан шыққан. Бұрын «Үш қатын» деген рудникболған. Соған сырттан біреулер келіп оны жауып, ондағы құрылғыларды жұмысшылардыкен байыту комбинатына қосып жіберді. Сосын биыл бағалы металлдар өндірумақсатында полиметалл зауытын ашуды қолға алған. «Үш қатын» руднигінде болғанмың жарым адамды қысқартып, аздаған бөлігін ғана кен байыту комбинатына жұмысқаалды. Кен байыту фабрикасында әйелдер мүлдем жұмыс жасай алмайды. Жағдай жоқ.Мұндағы бір жұмысшыға бір ауысымда  төрт-бесадамның жұмысын жүктейді. Менің күйеуім сол фабрикада жұмыс жасайды. Ол сонданасос қондырғысын орнату машинисті болып жүр. Үйге құлап, сүрініп келеді. Жәйремніңжігіттерін жұмыстан шығарған пром зонада әйелдер істейтін жұмыс тағы жоқ. Ендіосы пром зонаға яғни өндіріс зонасына  түріктердіалды, Әзірбайжан, Қырғызстан қысқасы, жан-жақтан келген азаматтарды  жұмысқа алып жатыр. Жаңадан салынып жатқанПолиметалл зауытындағы пром зонаға 150 мың теңге деп әйелдерді жұмысқа алғанекен. Жаңа сұрап білсем оларға 65 мың теңге ғана төлеп отыр. Кеше басқа ұлттыңбірі қазақтың қызына тиіскен деген сыбыс шығып, қазақ жігіттері сол жерге барыптөбелес шығарыпты. Кеше облыс басшысы келді. Халық Ерлан Қошановтан  бірінші кезекте митингіге шыққан жұртты қудаламасын,қазақ жігіттерін жұмысқа алсын, Түріктің компаниясы кетсін деп талап қойды. БүгіндеЖәйремнің жігіттері  жұмыс таппай қаңғыпжүр. Бірақ Ерлан Қошанов оларға басу айтты. Әкім қазақ қызына тиіскен түрікжігіті кешірім сұрап жатыр, мұсылман ғой кешірім беріңіздер деді»,- дейді Жәйремтұрғыны Рауа ОРАЗАЛИНА «ЖасАЛАШ»тілшісіне.

Он мың халқы бар Жәйрем кенті Қаражал кентінеқосылған екен. Тұрғындар қандайда бір анықтама алу үшін 1500 теңгеге таксижалдайтындарын айтады. Экологиялық ахула да нашар елді мекенде әлеуметтікмәселелердің де көп дейді.

Осыған ұқсас дау биылғы жылдың 29 маусымындаАтырау облысындағы Теңіз кенішінде болып, жергілікті жұмысшылармен шетелдікжұмысшылар арасында жанжал болған еді. Араб елдеріне келген ондаған жұмысшызардап шеккен. Билік оны «тұрмыстық дау» деп бағаласа, жергілікті халықшетелдіктерге бізден гөрі жақсы еңбекшарты жасалады деп айтқан-ды.


Фотолар:ok.ruжәне авторұсынды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 12:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 13:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 10:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 20:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 11:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 10:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
    28.11.2020, 11:09
  • Қазақстанда қылмыстың 12%-ын әйелдер жасайды
    28.11.2020, 16:52
  • 30 пайыз: «Шымбұлақ» жаңа маусымды карантиндік шектеулермен бастады
    28.11.2020, 13:30
  • Солтүстік Қазақстанда бүтін бір ауыл қар суын ерітіп ішіп отыр (видео)
    27.11.2020, 09:35
  • Жастарға жол бермей жатқан ешкім жоқ
    27.11.2020, 09:16