Әкім Ысқақов мұз үстіндегі жолды біле ме?

04.12.2019, 11:30

51

Қызылорда облысы, Арал ауданындақалқымалы көпір суға кеткелі бүтіндей екі ауылдың қатынасы қиындап кетті.Тұрғындар аудан орталығына әлі қалыңдай қоймаған Сырдария өзеніндегі мұздыңүстінен өтетіндерін айтады. Қазір өзеннің бетіндегі қатқан мұздың қалыңдығы небәрі20 см-дей болады. Бірақ қауіп-қатерге қарамай  1700-ге жуық тұрғыны бар Қызылжар, Шөмішкөлауылдарынан күнделікті көлік те, жаяу жүргінші де қатынауға мәжбүр. Өйткені жартыай бұрын өзен үстіндегі көпірді сең орынынан бір жарым шақырымға ығыстырып, бірсәтте екі ауылдың қатынасы үзілген.  

Оқи отырыңыздар: ӘкімНәлібаев вице-премьер сияқты аяқ-киімін шешпейді


«Жұқа мұз  кенеттенойылып кетпесіне кім кепіл береді? Құдай сақтасын қайғылы жағдай болса кімжауап береді? Ешкім де жауап бермейді. Бір құдайға сыйынып әйтеуір мұздыңүстіндегі жолмен жүруге мәжбүрміз», — дейді Қызылжар ауылының тұрғыны ТеберікЫБРАШЕВ.

Аудан орталығымен байланыстыратынмұз үстіндегі жалғыз жол осы болғандықтан, тұрғындар мұзды қалыңдату үшін қамыстөсеген. Ал төтеншеліктер қазіргі кезде мұз үстімен өтуге көлік тұрмақ, жаяуадамға рұқсат жоқ дейді.

«Арнайы өткелдермен өту керек қой. Мұздың үстімен өтугебіз тыйым саламыз», — деді «Жас АЛАШ» тілшісіне Қызылорда облысы төтеншежағдайлар департаменті бастығының орынбасары Саид МОЛДАҚАРАЕВ.


Ауыл халқы мұз үстінде жүругетыйым салынғанын біледі. Алайда, амалдық жоқтығынан жүреді. Қазір сеңмен біргеағып кеткен көпірді  жиекке шығарыпқойыпты. Арал аудандық ТҮКШ жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімініңбасшысы Амантай ТАСҚЫНБАЕВ қалқымалыкөпірді қайта өз орынына орналастыру қазір мүмкін емес екенін айтады. Келесіжылы мұз ери бастағанда орнына қайта қоймақшы екен. Тасқынбаевтың айтуынша, тұрақты көпір салуға экономикалық жағдайғабайланысты әзірге мүмкіндік жоқ.

Оқи отырыңыздар: Қызылордаәкімі саудагер сұрағына жауап бермей кетті


Кеше «Құмкөл-Қызылорда»автожолындағы трагедиялық жағдайдан кейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВжол қауіпсіздігі тиісті ведомствалар мен әкімдіктердің назарында болуы тиісдеген-ді. Бұл сөздің облыс әкімі Қуанышбек ЫСҚАҚОВТЫҢ құлағына жеткен,жетпегенін білмейміз. Кеше облыс басшысы қаза болғандардың туыстарына көңілайтып, жол апатынан жарақат алғандарға (ауруханаға) барды.

Енді Қуанышбек Ысқақов мұзүстіндегі қатерлі жолды өз көзімен көріп қайтса игі еді.


Фотолар автордікі.


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 12:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 13:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 10:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 20:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 11:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 10:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Коронавирус 2003 жылы өршіген бе, ақиқаты қайсы?!
    11:11
  • Мұғалімдер vs Кітапханашылар: Аймағамбетов кім жағына шығады?
    01.12.2020, 10:11
  • «Утемисов», «Датулы», «Клышев» көшелерінде тұрамыз
    30.11.2020, 14:35
  • "ХҚКО-ның санитарлық тораптарында «жағдай» айтарлықтай мәз емес"
    30.11.2020, 13:59
  • COVID-19: қай өңірлердің "қызыл аймаққа" енгені белгілі болды
    30.11.2020, 13:04