Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
07:55, 04 Тамыз 2020

Әкімдер әлеуметтік желіде белсенді ме?

         Қазір «айшылық алыс жерлерден, көзіңді ашып-жұмғанша, жылдамхабар алғызатын» құдіреті күшті ғаламтор, коммуникациялық байланыс құралдарыбар.

Оны ұтымды пайдалану мақсатында былтыр 26 наурызда президент Қасым-ЖомартТоқаев әкімдерге әлеуметтік желіде белсенділік танытып, атқарылып жатқанжұмыстарды халыққа түсінікті тілмен жеткізуді тапсырған еді. Міне, солтапсырманы барлық әкім бірдей орындап жүр ме?

Мәселен, мемлекетбасшысы Қ.Тоқаевтың өзі твиттер әлеуметтік желісінде үнемі халыққа қарата жарияланымдаржасап тұрады. Ол постарды қазір 169 мың адам оқиды. Бүгінгі таңда елдегімәселелердің дені әлеуметтік желілерде талқыға салынып жүргенін ескерсек, әкімөзінің әлемінде жүрмей, халықпен бірге болып, олардың жанайқайын естуге және жеделтүрде кері байланыс орнатуға мүмкіндік беріп отырған әлеуметтік желідебелсенділік танытқаны дұрыс-ақ. Өйткені өмір қазір сонда қыз-қыз қайнап жатыр. worldometers.infoдерегінше, қазір бүкіл әлемдегі халық саны 8 миллиардқа жуықтап қалса,  оның 4,5 миллиардтан астамы ғаламтордыпайдаланады, ал әлеуметтік желіні пайдаланушылар саны 3 миллиардқа жуық.

Ал біздіңәкімдер әлеуметтік желіні пайдаланудың қыр-сырын меңгерді ме? Жергілікті атқарушыбилік өкілдерін негізінен твиттер, фейсбук, инстаграм желілерінен іздеп көрдік.

Нұр-Сұлтанқаласының әкімі Алтай Көлгіновтің инстаграмжелісінде жеке парақшасы бар, ал фейсбук, твиттер әлеуметтік желілеріненкөрмедік. Алматы қаласының әкімі БақытжанСағынтаев фейсбук, твиттер, инстаграм желілерінде белсенді екен. Үш желідеде әкім өңірдегі жасалып жатқан жұмыстардың жаңалықтарымен бөлісіп отырады. Бұл,әрине, жақсы ғой, бастысы, Бақытжан мырза желі қызығына қатты әуестеніп кетіп,негізгі міндетін атқаруды ұмытып кетпесе болғаны. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің де фейсбук, твиттер,инстаграм желілерінде жеке парақшалары бар болғанымен, тек инстаграмда белсендіекен.

Ал Ақмолаоблысының әкімі Ермек Маржықпаев инстаграмдапарақша ашып қойғанымен, бірде-бір жаңалық жарияланбаған. Сол сияқты СолтүстікҚазақстан облысының әкімі ҚұмарАқсақаловтың да әлеуметтік желінің қыр-сырын меңгеруге мүлдем уақыты болмайжүргенге ұқсайды, жеке парақшалары жоқ. Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев те ешбір әлеуметтікжеліде тіркелмеген болып шықты. Кім білсін, «әкімдіктің парақшалары бар ғой,сол да жетер» деген болар.

Айта кетукерек, еліміздегі барлық әкімдіктердің ресми сайттарында әр әкімнің жеке блогыбар, алайда бүгін халыққа ең ыңғайлысы – әлеуметтік желідегі әкімдіктердіңпарақшалары. Бірақ оның артында әкім емес, баспасөз бөлімінің қызметкерлеріотыратыны бәріне белгілі. Сондықтан әкімге жеке парақша халықтың тыныс-тіршілігінөз көзімен көріп отыру үшін қажет. 

Ең қызығы,әлеуметтік желіні ерекше құлшыныспен меңгеріп алатындай жас дегенімізбен,Қарағанды облысының әкімі ЖеңісҚасымбектің әлеуметтік желідегі бірде-бір парақшасын таппадық. Сондаәлеуметтік желіде белсенділік танытпаған әкімдер президент тапсырмасынапысқырмағаны ма?      

       Ақтөбеоблысының әкімі Оңдасын Оразалиннің фейсбуктеғана парақшасы бар. Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова да тек фейсбук желісіне тіркеліпті. Бірқызығы, оның жарияланымдарына пікір жазушылар сирек.  Мәселен, кейбір әкімдердің парақшасында пікірлертоластамайды. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің инстаграм желісінде ғана парақшасы бар. Ондағыжарияланымдарға айтылатын сын да, қолдау сөз де аз емес, жүзден асады. Қостанайоблысының әкімі Архимед Мұхамбетов тетек инстаграм әлеуметтік желісінде отырады. Бірде жариялаған постына пікірқалдырып, оған жауап беріп, кері байланыс орнатқанын да байқадық. Түркістаноблысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің деинстаграм желісінде ғана парақшасы бар.

Ал Атырауоблысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов фейсбукте де, инстаграмда да жарияланымдар салып тұрады. Бір қызығы, әлеуметтікжеліні халықпен кері байланыс жасау мақсатында ашты ма десек, әкім халықтыңтоластамайтын проблемасымен жүйкесін тоздырғысы келмеген бе, әйтеуір, екі жарымайға дейін пікір қалдыруға рұқсат беретін тетікті алып тастапты. Бәлкім, соданболар, қазір ол тетікті қосқанымен, ешкімнен пікір жоқ. Өңір халқын ештеңемазаламай ма дерсің.

Алматыоблысының әкімі Амандық Баталов фейсбуктеқұттықтаулар жариялап отырады. Инстаграм мен твиттерде де парақшасы бар, дегенментвиттерде соңғы жарияланым болып, әкімнің 1 мамырда Халық бірлігі күніменқұттықтауы тұр. Онысын әкімнің індет кезінде ауырып қалуына байланысты болардеп бағамдадық. Маңғыстау облысының әкімі СерікбайТрұмов фейсбукте бар, парақшасынан түйткілдерді хабарлап отырған өңіртұрғындарының да белсенді екенін аңғаруға болады.  Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов фейсбукте де, инстаграмда да бар екен.  

Ескеретінжайт, заман бір орында тұрмайды. Кешегі білгенің бүгін жарамай қалуы, заманныңалдыңа қойып отырған бүгінгі талабы ертең басқа болуы әбден мүмкін. Сондықтан әрбіржұмыс орнында маман біліктілігін арттырып отыру маңызды нәрсе. Ендеше, кейбірәкімдердің коммуникациялық құралдарды меңгермегеніне көз жұмып қоя саламыз ба?   

Мысалы, кейбірелдерде мемлекеттік қызметкерлердің әлеуметтік желіні пайдалануы тұрмақ, ондағыпарақшасын жүргізудің өз тәртібі бар. Бәлкім, бізге де сондай тәртіп енгізу керекшығар? Әйтпесе Лондоннан сәлем жолдаған Шымкент қаласының экс-әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтыңқателігін қайталаған кейбір басшылар ертең жылы орнынан айырылып қалып жүрер.

         Бастысы, әлеуметтік желіге тіркелдім деп, жұрт алдындакөзбояушылық жасап, оның артына баспасөз хатшыларын отырғызып қойып, халықтыңқандай күйде екенінен бейхабар болып отырмаса игі. Өйткені бұқараға әкімдердіңөздерімен бірге екенін сезіну, көру маңызды. Әлеуметтік желілерде өңірдегітүйткілді мәселелерді қозғап жүрген азаматтардың пікіріне әкім және оның қарамағындағыларқұлақ аспаса, жеке парақша ашқаннан ешқандай пайда жоқ.

Нұрай РАХЫМ

Тегтер: