Әкімдердің көзіне түспейтін қотыр үй

30.01.2019, 19:12

24

«Ақтанов»-қа айтып-айтып болдық, енді «Ахметов»-ке айтамыз... Өскемен қаласының орталығы Қабанбай көшесіндегі нөмірі 164-ші алты қабатты тұрғын үйдің кетеуі әбден кеткен. Өткен ғасырдың 72-жылдары салынған ғимаратты тым ескі деп те айта алмайсыз. Өйткені, бұл қалада бұдан да бұрын салынған баспаналар жеткілікті. Бірақ, дәл осы бір қаңқасы мықты болғанымен, қас бетінің қадірі қашқан үйдің жайы, тек осында тіршілік еткен елді ғана алаңдататын секілді.Тұрғын Любовь СЕМЕНКОВА: – тіпті осы үйде тұрамыз деп айтудың өзіне кейде ұяламыз – дейді. Сөзіне тереңірек мән берсек, орталықта орналасқанын айтпай-ақ, қаланың паспорты іспеттес Өскемен қонақ үйі іргесінде тұр. Келіп-кеткен меймандардың көзіне бірден түсетіні бесенеден белгілі. Көшеге гүл егіп, тротуарларды тырмалап сыпыра бергенмен қала толық құлпырып кетпейді. Билік басындағылар тек осы тектес үйлерді жөндеуге де дұрыс мән берсе екен – деген, өтініш байқалады.Ол үшін өзінің бармаған жері, қақпаған есігі де қалмапты. Терможаңғырту бағдарламасы бойынша жөндетіп алуды көздеп, құжаттарын әзірлеп қойғанына да екі жылдай уақыт өткен. Бірақ, жұмыстың ары қарай жүріп кетуіне ықпал ететін облыс әкімінің орынбасары Серік АҚТАНОВ сөзбұйдаға салып, істі созып жіберді – деген, Любовь СЕМЕНКОВА: –Ахтанов мырза жай ғана кездесу ұйымдастырады. Одан қалса, менен энергетика басқармасынан қызметтік хат әкел деп күтеді. Оған осы мәселені шешуге тиісті мекемелердің басшыларын неге мен шақырып, жинап беруім керек. Айтып, айтып шаршадым. Анда барам, мында барам. Әлі сол мәселенің төңірегінде айналып жүрмін. Ал менің өзіме тікелей қатысты терможаңғырту бағдарламасы бойынша жөндеп алу үшін тұрғындардың келісімін алып қойдым. Енді осыған жұмсалатын 45 млн теңге қажетті – дейді. Құзырлы органдардан осылайша қайыр болмай тұрғанын айтқан тұрғындар 45 млн теңге қажет екені де есептеліп қойды деп отыр. Негізгі мақсаттары терможаңғырту бағдарламасы арқылы ғимараттың төбесін және қас бетін жөндеп алмақ. Одан басқа амалдары қалмаған. Себебі, су аққан төбені, сылағы сыпырылып қалған қабырғаны жөндеуге шамалары жоқ. Жаңбыр жауса болды төбеден су сорғалап қоя береді. Салбырап тұрған электр сымдары да тұрғындар үшін өте қауіп төндіріп тұр. Тіпті осы үйге жауапты Любовь Семенкованың өзі төбеден аққан судың салдарынан төрт жыл бойы электр жарығынсыз отырыпты. Әйтеуір, ол мәселесі қазір шешілген.Бұл үйдегі төтенше жағдай орын алса адамдарды шығаруға арналған арнайы есік те жабылған. Айтып-айтпай апат болса, тұрғындардың шығуы мұң болатынын төтенше жағдайларға қарсы мамандар да мойындап отыр. Осы секілді салғырттық, өртің жиі болуына себеп – деп, дабыл қағуда.Апат болған жағдайда адамдарды алып шығатын есікті бекітіп тастаған. Тіпті, ол жерге қоқыстарды жинап тастайтындар да бар. Бұл өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың қызметіне өте кедергі келтіреді. Үйдің ішін айтпағанның өзінде аулаларына кіру кейде мүмкін емес. Көліктерінің өзін қалай болса, солай қоя салады – дейді, Өскемен қаласы төтенше жағдайлар басқармасының баспасөз хатшысы Марина ЛЕСКОВА. Қала бойынша бұл үйден басқа кез-келген уақытта өрт болу қаупі бар 30-дан аса көп қабатты үй бар екен. Айта кетейік, былтырғы жылы тек Өскеменнің өзінде өрттен  22 адам қаза тапқан.Фотолар автордікі.
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 12:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 13:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 10:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 20:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 11:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 10:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57
  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    24.11.2020, 12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42