Әкімдік: 3 мың гектар егістікті су алды, ондаған үй жарамай қалды

02.05.2020, 20:59

45

Түркістан облысы Мақтаарал ауданының бірнеше елді мекенін су алып, ондаған үй жарамсыз болып қалды, 3 мың гектар егістік және Жеңіс пен Жаңатұрмыс ауылдарын толық су алды. Бұл туралы 2 мамырда кешке қарай Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Ресми орындар "әзірге адам және мал шығыны белгісіз" деді.

«5460 адам эвакуацияланды. 3 мыңға жуық адам 10 мектепке жайғастырылды. Қалғаны туған-туыстарына кетті. Мектептерде тамақ, жатын орын, карантинге байланысты қауіпсіздік шаралары сақталып жатыр» деді әкімдік өкілдері.

1 мамырда Мақтарал ауданына жақын Өзбекстанда Сардоба су қоймасы жарылып, айналасындағы елді мекендерді су алған еді. Кейінірек Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы бірнеше елді мекенге де су алу қаупі төніп, кейбір тұрғындар өз бетімен, кейбірі жергілікті әкімдік көмегімен ауылдардан көшірілген. 2 мамырға қараған түні ауданда төтенше жағдай жарияланды.

Сенбі күні оқиға орнына барған Азаттық тілшісі үйлер мен қоралардың су астында қалғанын, ірі қара малдардың, жылқылардың суға кеткенін көрді. Сенбі күні түстен кейін Мақтарал ауданы әкімдігінің алдына он шақты тұрғын жиналып, су алған кейбір ауылға көмек келмегеніне шағымданған. Олар су шайған ауылдан өз бетімен қашып шыққанын айтқан. Ал әкімдік бұл ақпаратты жоққа шығарған.

Оқи отырыңыз: Мақтарал ауданында елді мекендерді су алып, төтенше жағдай жарияланды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сенбі, 2 мамырда зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Өзбекстандағы Сардоба су қоймасы 2017 жылы салынған. Сыйымдылығы – 922 млн текше метр. Су қоймасының биіктігі – 28,8 метр.

Мақтарал ауданындағы елді мекендерді су алды Фотогалерея

Мақтарал ауданындағы елді мекендерді су алды

2 мамырға қараған түні Өзбекстанның Сырдария облысында жарылған Сардоба су қоймасының суы Түркістан облысы аумағына өтті. Облыста шұғыл штаб құрылып, Мақтарал ауданында төтенше жағдай жарияланды. Аудандағы бірнеше ауылды су алған. Жергілікті билік бірнеше елді мекеннен 5 мыңнан астам адамды эвакуациялағанын хабарлады. Төтенше жағдай жарияланбай тұрып, кейбір тұрғындар ауылдан өздері кеткен.
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57
  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    24.11.2020, 12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42