Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:10, 03 Қаңтар 2022

Әкімдік Ақтау мен Жаңаөзендегі жағдайға қатысты пікір білдірді

None
None

Әкімдік Ақтау және Жаңаөзен қалаларындағы жағдайға қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ақтау мен Жаңаөзен қалаларында көлік иелері газ бағасының көтерілуіне келіспейтіндіктерін білдіріп митингке шықты. Жергілікті атқарушы органдардың өкілдері жиналғандармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, газ бағасы сұраныс пен ұсыныс бойынша реттелетінін түсіндірді», — делінген әкімдік хабарламасында.

Құқық қорғау органдарының өкілдері ҚР «Бейбіт жиындарды ұйымдастыру туралы» заң жобасы бойынша олардың әрекетін заңсыз деп бағалады.

«Ақтау мен Жаңаөзен қалаларында жиналғандармен кездесу барысында жергілікті атқарушы орган өкілдері қоғамдық тәртіпті сақтау қажеттігін, оның бұзылуы халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін екенін баса айтты»,- деп толықтырды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Тегтер: