09:29, 11 Тамыз 2022
Әкімдік арзан қантты өзі қалаған кәсіпкерлерге үлестіріп берген
Қостанай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті қантты бөлудің қылмыстық схемасын әшкереледі,
«Әкімдік пен «Тобыл ӘКК» АҚ қызметкерлері қант тапшылығын пайдалана отырып, оны облыстың тұрақтандыру қорынан 420 тг/кг жеңілдік құны бойынша кезектен тыс және нормадан тыс таңдап алған кәсіпкерлерге берген.
Бұл үшін кәсіпкерлер әкімдік пен ӘКК қызметкерлеріне сыйақы ретінде 100-ден 500 кг-ға дейін қантты үлестірген», — делінген Антикор хабарламасында.
Бұдан әрі таңдау жасалған кәсіпкерлер пайда көру мақсатында халыққа қантты 10%-дың орнына 100% үстеме бағамен сатқан.