Әкімдік пен кәсіпкер "мусорға" таласып жүр

25.12.2018, 04:42

16

Ақмола облысындағы 68 мыңнан астам тұрғыны бар Степногорск қаласы қоқыс астында қалуы мүмкін. Өйткені, жергілік билік пен қаладағы тазалықпен айналысатын кәсіпорынның арасындағы келіспеушілік бітіспес дауға айналды. Кәсіпорын жетекшісінің айтуынша, меншігіне тиесілі қоқыс полигонын әкімдік түрлі желеумен бермей отыр екен.2016 жылы өндірістік қаладағы «Степногорск-Тазалық» мемлекеттік кәсіпорынын жекешелендіріп алған Данияр БЕЙСЕБАЕВ осы күнге дейін жұмысын дөңгелете алмай отыр. Оған себеп — қоқыс төгетін арнайы алаңның берілмеуі. Кәсіпкердің айтуынша, Экология департаментінің рұқсат қағазына сәйкес, қаладағы полигон осы серіктестікке тиесілі екені көрсетілген және бұл жерде 2024 жылға дейін жұмыс істеу мүмкіншілігі берілген. Соған қарамастан, жергілікті билік, түрлі желеумін жұмыс істетпей отыр дейді серіктестік қожайыны. – Біз қызмет ету керекпіз. Бірақ, Степногорск қаласының әкімдігі бізге мүмкіндік бермей жатыр. Неше түрлі жағдайлармен бізді құртқысы келіп отыр. Бізді Салық департаменті арқылы, тағы басқа кәсіпорындармен сотқа беріп, банкрот етпек. Сондықтан, біз осы полигонда жұмыс істей алмай жүрміз, – дейді «Степногорск-Тазалық» серіктестігінің директоры Данияр БЕЙСЕМБАЕВ.Қазір серіктестіктің барлық есеп-шоттары бұғатталған. Өйткені, мемлекетке және жұмысшылар мен өзге заңды тұлғаларға 180 миллион теңге қарызы бар. Берешек сома серіктестік мемлекет меншігінде болған кезде жиналған екен. Егер әкімдік жұмысымызға кедергі келтірмегенде, қарыздың осы күнге дейін 30 пайызын жауып тастар едік дейді кәсіпкер. Ал, әкімдік «Степногорск-Тазалық» кәсіпорнына тиесілі полигонды рұқсаты жоқ өзге серіктестікке беріп отыр.– Сатылымға шығарылғанда полигон серіктестік есебінде болған жоқ. Ол тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөліміне тиесілі еді. Сондықтан, серіктестік ол жерде жұмыс істей алмайды. Қазір полигонды сенімді басқару құқығы «Құрылыс МТК» серіктестігіне берілді, – дейді  қалалық Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Талғат МАҒЖАНОВ.Бұл мәселе Ақмола облыстық кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау кеңесінде бірнеше мәрте қаралды. Алайда, екі жақ ортақ шешімге келе алмады.– Облыстық сот шешімімен полигон серіктестіктің негізгі қызмет істеу алаңы ретінде, яғни, ол кәсіпорыннан бөлек қарастырылмайтыны дәлелденді, – дейді  Ақмола облыстық Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Эльмира ЖАРМҰХАМЕДОВА.Дегенмен, қайтадан арыз берілді. Тағы бір сот отырысы болады. Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау кеңесі жергілікті билік өкілдерінің іс-әрекетіне заңдық баға беру үшін материалдарды мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне жіберу туралы шешім қабылданды.     Фото автордікі. 
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27