Әкімдік: Қарағанды облысының балабақшалары жұмысын тоқтатпайды

26.03.2020, 11:01

38

Бүгін Қарағанды, Теміртау, Жезқазған және Балқаш қалаларының балабақшалары жұмысын жалғастыра беретіні хабарланды. 21 наурызда Қарағанды облысының әкімдігі аталған қалалардың балабақшалары коронавирусқа байланысты 26 наурыздан бастап жабылатынын жариялаған.

Қарағанды облысы білім басқармасының Азаттыққа айтуынша «облыс әкімдігі эпидемия таралымы мен әлеуметтік желідегі, call-орталық чатындағы хабарламаларды саралай келе, балабақшалар жұмыс істей беруіне болады деген шешім қабылдаған».

Ата-аналардың айтуынша, балабақшаға кірерде ересектер мен балаларды мекеме әкімшілігі бахила киюге міндеттеп, қолына бактерияға қарсы сұйықтық шашады. Соңғы күндері ата-аналар сәбилерін балабақшаға апаруды азайтқан. Әкімдіктің мәліметінше, өткен аптада сәбилердің 20 пайызы ғана келген.

Ресми мәліметке қарағанда, Қарағандыда екі адамнан коронавирус анықталған. Олар 18 наурызда Минск-Нұр-Cұлтан рейсімен ұшып келген. Екеуі де Қарағанды облысында тұрмайды. Билік «Нұр-Сұлтанда жолаушыларды карантинге алу қиындаған соң ұшақ Қарағанды әуежайына қондырылды» деп түсіндірген.

Бұған дейін Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев «Теміртаудың екі тұрғынына коронавирус жұққан» деген ақпаратты жоққа шығарған.

Ресми дерек бойынша, Қарағанды облысында 375 адам карантинге алынған. Олар – коронавирус жұқтыру қаупі жоғары елдерден келгендер мен ауру жұқтырған болуы мүмкін азаматтармен байланысқандар. Одан бөлек 79 адам өз үйінде карантинге жабылған.

Коронавирус жұқтырғандар бүгін Қазақстанда 97 адам болды.

#GR-1016a { height: 50px; -webkit-box-pack: justify; -ms-flex-pack: justify; justify-content: space-between; margin-bottom:24px; } #GR-1016a div { padding-left: 10px; width: 32%; height: 100%; font-size: 16px; line-height: 50px; -webkit-filter: grayscale(1); filter: grayscale(1); } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: scale(1.04); transform: scale(1.04); -webkit-transform-origin: 50% 50%; transform-origin: 50% 50%; transition:all .3s; } #GR-1016a div:hover { -webkit-filter: grayscale(0); filter: grayscale(0); } #GR-1016a .c1 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/8E457501-5DFF-4374-AF52-2D5AAF25FF22.png') no-repeat 95% center; background-size: 18px; } #GR-1016a .c2 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/DBCDC937-09B4-48FB-8FF8-28E3AB5E741B.png') no-repeat 95% center; background-size: 40px; } #GR-1016a .c3 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/08F40524-CFE8-4AAD-A22F-1C19A9DD651F.png') no-repeat 95% center; background-size: 28px; } #GR-1016a .c1:hover h5 { color: #3b5998; } #GR-1016a .c2:hover h5 { color: #45668e; } #GR-1016a .c3:hover h5 { color: #ff0000; } @media (max-width: 639px) { #GR-1016a { -webkit-box-orient: vertical; -webkit-box-direction: normal; -ms-flex-direction: column; flex-direction: column; height: auto; } #GR-1016a div { width: 100%; margin-bottom: 5px; } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: none; transform: none; } }
AZATTYQ Facebook-та
AZATTYQ VK-да
AZATTYQ Youtube-та

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Қазақ тілінің мәртебесі неге нашар? (видео)
    09:08
  • Әріптесіміз "Жас Алаштың" мерейін өсірді
    03.12.2020, 13:28
  • Тоқаевқа жаңа өкілеттілік берілді
    03.12.2020, 12:05
  • Нұр-Сұлтанда тағы бір қоғамдық орында жарылыс болды
    02.12.2020, 09:13
  • Коронавирус 2003 жылы өршіген бе, ақиқаты қайсы?!
    02.12.2020, 11:11