Әкімдіктер жасыл алқаптарды дамыту шешімін қабылдамас бұрын қоғамдық тыңдау өткізеді
Осыған дейін Астана, Алматы, Қарағанды қалаларында құрылыс жүргізу мақсатында көпжылдық және жеміс ағаштарын шауып тастап жатқандығы, әрі заңсыз ағаштарды жою әрекеттерінің орын алып жатқандығы бұқаралық ақпарат құралдарында қызу талқыға түскен болатын.
Осы мәселе төңірегінде тиісті министрлік жаңа шешім ұсынып отыр.
Экология және табиғи ресурстар министрлігі елді мекендерде жасыл желектерді құру, күтіп-ұстау және қорғаудың үлгілік қағидаларын бекітті. Құжатта қала аумақтарын абаттандыру, нысандар салу, жасыл желектегі жол және басқа да жұмыстар жүргізу ережелері қарастырылған.
Уәкiлеттi органның жасыл желектер алып жатқан аумақтарды, оның iшiнде саябақтар, скверлер, бульварлар, ұйымдардың және өзге де өндiрiстiк объектiлердiң санитарлық қорғау аймақтарын дамыту немесе реконструкциялау жөнiндегi шешiмдердi қабылдауы мiндеттi түрде қоғамдық тыңдаулар өткiзiле отырып жүзеге асырылатын болады.
Объектілерді жобалау және салу кезінде құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге ұсынылатын учаске аумағындағы қолданыстағы жасыл желектерді барынша сақтай отырып, нысанды салу үшін көзделген аумақты көгалдандыру жоспарлануда. Ережеде жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау шаралары да бар. Оларға міндетті түрде топырақты қопсыту, қоршауларды кесу, арамшөптерден арылту, бүкіл вегетациялық кезеңде, ал ыстық және құрғақ кезеңде жиі суару, тыңайтқыштар, зиянкестермен күресу және басқа да қажетті шаралар жатады.
Жасыл аумақтарды күтіп-ұстау және қорғау:
1. жалпы пайдаланудағы жерлерде – уәкілетті органмен;
2. саябақтар мен алаңдарда меншік иелеріне немесе иесі уәкілеттік берген тұлғаға бекітіледі;
3. өнеркәсiп кәсiпорындарының аумағында және басқа да меншiк объектiлерiнде, сондай-ақ бөлiнген және бекiтiлген аумақта — осы объектiлердiң меншiк иелерiне немесе пайдаланушыларына бекiтiледi;
4. құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге бөлінген аумақтарда – тапсырыс берушіге бекітіледі.
Ағаштарды кесуге келесі жағдайларда рұқсат етіледі:
• бекітілген және келісілген қала құрылысы құжаттамасында көзделген құрылыс қызметін, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру;
• инженерлік желілерді, жер асты және жер үсті коммуникацияларын қайта құру және монтаждау кезінде инженерлік-абаттандыру объектілеріне қызмет көрсету;
• авариялар мен төтенше жағдайларды, оның ішінде инженерлік абаттандыру объектілерінде және инженерлік желілерде жою;
• жұмыс істеп тұрған объектілердің аумағын абаттандыру және оларды эстетикалық келбетке келтіру, жасыл желектердің сапасы мен түрлік құрамын жақсарту қажеттілігі;
• адам денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігіне қауіп төндіретін, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаның мүлкіне зиян келтіретін ағаштарды санитарлық кесу жұмыстары;
• қоғамдық жерлердегі ағаштар мен бұталар өсіп тұрған жағдайда.
Бұл ретте, ағаштарды кесу лицензиялау рәсімдеріне сәйкес уәкілетті органның рұқсатымен жүзеге асырылатыны көрсетілген. Уәкілетті орган өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерінің тізбесіне енгізілген жасыл алқаптарды кесуге рұқсат бермейді. Ережеде ағаштарды отырғызу, қайта отырғызу және өтемдік отырғызу тәртібі де қарастырылған.