Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:18, 18 Қаңтар 2023

Әкіміме ұялып, арландым!

None
None

Әңгімемізді «Хан біткеннің қазығы, қара бұқараның азығы» болған Мөңке бидің сөзінен бастайық:

Он теңге түйе болмас,

Бес теңге бие болмас.

                                                Өз мүлкін азсынған,

Біреудікін көпсінген,

Аз мүлікке ие болмас.

 Мына заман жылтыр сөздің, екіжүзді жағымпаздардың сөзі мен ісі бірікпейтін, ары мен намысынан айырылғандар заманы ма дерсің. Олай демеске шараң да жоқ.

Президентіміздің: «Көретін, еститін, халық қамын ойлайтын «Жаңа Қазақстан» құрамыз дегеніне сексеннің сеңгірінен асқан ел үлкені ретінде қуанғанымыз рас. Көппен бірге біз де тілек білдірген едік… Отыз жыл бойы қалыптасқан жемқорлық жүйесін жоюдың нақты бір-ақ жолы бар, ол кадр мәселесі. Елім деп еңіреген, жері үшін ұлтын сүйген небір аптал азаматтарымыз бар. Құдайға шүкір «қазақ ұлты» сүйер ұлдарынан кемдік көрмеген халық, оны өткен тарихымыз дәлелдеп тұр емес пе? Біздің көзімізді ашып небір жағымды, жағымсыз хабарды білдіріп отырған тілші – журналист, тележүргізуші, коментаторларға ризамыз. Азық-түлік қымбаттауына шек бола ма? Журналистерді биліктің жоғарғы сатысындағылар десе дегендей. Қорытынды шығаратын шындық сөз солардікі. Оған дәлел тележүргізуші Асхат Ниязовтың Шығыс өңіріндегі батыл қадаммен жүргізген хабары мақала жазуға себеп болды. Өз байлығын ойлап, халқын ойламайтын әкім Д.Ахметов кімге керек? Бұрынғы екі облыстың 4,5 млн халқын ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстап отырған патшадан кем емес, сегіз жылдық облысты басқару сыйқын көргендей болдық. Екі апта бойы әне, міне, деп тележурналистпен кездесуден қашқалақтағанын қалай түсінуге болады? Ал ағайын осы көріністен кейін Даниал Ахметовтың мұң-мұқтажы бар жеке адамдарды қабылдайды дегеніне сенесіз бе? Барлық жерде кемшілік, өкпелі жұрт. Осы мықты туралы Нұртай Аралбаев, Нұрсейіт Жылқышыбай, орыс тілді журналистер де айтудай-ақ айтуда. Мақала да жазылуда, амал не, қорытынды жоқ. Еститін президент пен үкімет осы кемшілікті көрмей, естімей отыр ма? Тіпті де олай емес. Олардың жинаған байлығы қайдан келген батпан құйрық деп жағаңды ұстайсың. Егер басшы ақылды болса, әділ де адал, ел қамын жейтін қосшыға орын бермей ме? Шығыстың Алтай мен Тарбағатай қойнауындағы дүниежүзіне әйгілі байлығын кім көрінгеннің уысына ұстатып жатқан «ұры» дерсің. Қазылмаған жер жоқ. Салынған жекеменшік түсті металл өңдеуші кәсіпорындар бар. Президент пен үкіметтің абырой-беделін, халық арасындағы сенімін осындай пышақтың жүзіндей екі жүзділердің табанасты етуін білмеді дегенге сенбейміз. Бұл байлар қашанғы еркінсиді «Көп қорқытады, терең батырады» халық нақылынан да мықты, күшті қандай күш ұстауда? Әкем-ау, жер халықтың игілігіндегі мемлекет меншігі емес пе?

Ұлы даланы мекендеген халықпыз, жеріміздің асты да, үсті де байлық деп кеуде соғамыз, неге жер иесі қазақ халқы кедей. Кезінде «алтын сандықтың» үстіне отырамыз, бірақ кедейміз деп, бір кем дүние» деп өткен Шерағаң мен Кемел Смайылов ағалар да айтудай-ақ айтып еді, амал не, нәтиже жоқ. Сонда ағайын-ау ертеңгі ұрпағымызға ел-жұрт боп, ел билеушілері боп не қалдырамыз, олардан біз алғыс естиміз бе, қарғыс естиміз бе? Қазақстанның Дубайы қайда, неге ол дүниеге келмейді? Жат жұртқа қызығып, барымызды шашып жүреміз бе?   

                        

Тегтер: