Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
21:43, 30 Шілде 2019

Әкімнен әкім туады

Биыл әкімдердің ұлдары жарап-ақтұр. Осыған дейін Батыс Қазақстан облысының әкімі болып Ғали Есқалиевтағайындалған болатын.

Оның әкесі Нәжімеден ЕСҚАЛИЕВ  1986 жылдан 1993жылға дейін Орал (қазіргі Батыс Қазақстан) облысын басқарған.

Енді Шымкент қаласының әкіміболып Ерлан Қуанышұлы Айтаханов тағайындалып отыр. Оның әкесі Қуаныш Айтахановұзақ жылдар Парламент Сенатының депутаты болған. Әр жылдары Арыс, Созақ, Сайрам,Отырар сынды төрт ауданның әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасарықызметтерін атқарған.

Сонымен қатар, бір кездеріАқмола облысын басқарған Сергей Кулагиннің ұлы Павел Кулагин <span style=«background-color:transparent;color:#000000;font-family:» serif",tahoma,verdana,helvetica;font-size:18px;font-style:normal;font-weight:400;text-decoration:none;"="" sans="">– Алматы қаласындағыТүрксіб ауданының әкімі. Жақында ғана түнгі клубтың бірінде түсірілген шулывидеомен жұрт назарын өзіне аударған болатын.

Ал Қызылорда қаласының әкіміНұрлыбек Машбекұлы Сапарбаев  – бұрынғыәкім, қазіргі министр Сапарбаевтың баласындай көретін інісі. Ал ұлы ЖансұлтанСапарбаев Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданы әкімінің орынбасары қызметінетағайындалған еді. Алдағы уақытта Жансұлтан Бердібекұлының әкім болуы да ғажапемес. «Сыйынғаныңнан сүйенгенің мықты болсын» деген заманда өмір сүріп жатқанымыздың тағы бір көрінісі емес пе бұл?..

Тегтер: