Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:15, 01 Қыркүйек 2021

Әкімнен кеңес алды

None
None

Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек Президенттік кадрлық резерв өкілдерімен онлайн форматта кездесу өткізді.

Келешекте ел басқару ісіне араласатын мемлекеттік қызметкерлер аймақ жетекшісімен  индустриялық өңірді  дамытудың тетіктері жайлы пікір алмасты. Жарыссөзге қатысқан Айнагүл Әбдірахманова жастар арасындағы жұмыссыздық проблемасын шешудің жолы және NEEТ жастарды қолдау нұсақасы  туралы баяндаса, Самат Рамазанов «Жерді қашықтан зонттау арқылы жер қойнауын пайдалану мониторингі» атты төл жобасын таныстырды. Станислав Каримов мемлекеттік сатып алу барысында стандарттау мүмкіндіктерін пайдаланудың ерекшеліктері жайында келелі ойын ортаға салды.  Толғақты және тың идеялар сөз болған кеңесте пайдалы бастамаларды бірлесіп енгізу үшін жол картасын әзірлеу туралы шешім қабылданды.

-Резервке алынған 6000-нан астам қазақстандықтың арасынан небары 300 үміткер іріктеліп алынды. Олардың арасында 41 қарағандылықтың болуы біз үшін қуаныш. Сіздердей өрісі кең, болашағы зор жастармен қауышқаныма ризамын,-деді жиынды қортындылаған Жеңіс Қасымбек жас әріптестеріне.

Өңір басшысы кадрлық резервтегі жастарды аймақты дамытуға  атсалысуға шақырды.

Тегтер: