Әкімнен мейрамхана сатып алған кәсіпкердің басы дауға қалды

19.12.2019, 12:25

24

Қарағандылық кәсіпкер Әсел МАЙЖАКАНОВАпрезидент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТАН көмек сұрайды. Кәсіпкердің айтуынша, ол үшіншіжыл қатарынан қалалық әкімдікпен  «екі метр» жерге таласып соттасыпкеледі. Биліктегілер облыстық соттың аппеляциялық сатысында жеңіске жетсе, ӘселМайжаканованың жаздық дәмханасы сүрілетін болады. Кәсіпкер сотқа сабылып әбденшаршағанын енді тек президенттен үміттеніп отырғанын айтады.

«Талас болып отырған жер тұрғындардың ортақпайдалануындағы жері деп ешқандай құжатта көрсетілмеген. Мен осы мейрамхананысатып алғандада мұндай мәселе шықпаған. Енді келіп әкімшілік бұл жер заңсызжеке меншікке өтіп кеткен деп таласып отыр. Мұндағы жазғы дәмхана ол менің жекемүлкім. Оны неге қиратып, жерді тартып алу керек? Мен бұған жол бере алмаймын»,- дейді кәсіпкер Әсел Майжаканова «Жас АЛАШ» тілшісіне берген сұхбатында.

Бұл жерде даудың басыҚарағандыдағы жер телімдерінің заңсыз жеке меншікке өтуінен шығып тұр. 2017жылы қала тұрғыны Галина ПАК «Сказка» деп аталған қалалық балаларалаңқайына тиесілі жерді  «Zira»мейрамханасы алып, оның жартысына жазғы дәмхана тұрғызғанын айтып жергіліктібилікке және сотқа шағымданған еді. Ал бұл мейрамхана Октябрь ауданының бұрынғыәкімі Әлімжан ҚАНАЕВҚА тиесілі болған. Бұрынғы әкім бұл мейрамхананы кәсіпкерӘсел Майжакановаға сатып жіберген. Үш жылдан бері өтіп жатқан сот талқылауларыкезінде кәсіпкердің жазғы дәмханасы мемлекетке тиесілі жердің бір бөлігінесалынып кеткені анықталған. Сот кәсіпкерге жазғы дәмхананы алып тастап, жердімемлекетке қайтаруын міндеттеген. Осы мәселеге қатысты Қарағанды қаласының әкімдігінехабарласқан едік. Олар: «сот өтіп жатыр»деп қысқа ғана қайырды.

Фото автордікі.    


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 12:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 13:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 10:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 20:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 11:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 10:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    25.11.2020, 10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57
  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    24.11.2020, 12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42