Әкімнің орынбасары мас күйінде кісі қақты

16.04.2018, 17:37

114

Кешегі жексенбі күні кешкісін Риддер қаласында қайғылы оқиға орын алды. Сағат 21 шамасында қаладағы Айдарханов көшесінің бойымен жол жиегінде бейқам кетіп бара жатқан 19 жастағы азаматты көлік қағып,  оқиға орынында көз жұмды.Жас жігіттің тосыннан қазаға ұшырауына себепкер адамның Риддер қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Құрманбаев екені белгілі болып отыр. Оқыс оқиға облыс әкімдігін де тік тұрғызды. Оқиғаны растаған ШҚО ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасына қатысты тергеуді облыс әкімі Даниал Ахметовтің тікелей тапсырмасына сәйкес, ішкі істер департаментінің басшысы тікелей бақылауына алыпты.«BMW Х 5» маркалы автокөліктің тізгініне мас күйінде отырған қала әкімінің орынбасарына Риддер қалалық ІІБ Қылмыстық кодекстің 345 бабының 3 – бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастағанын мәлімдеді.

Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Шығыс Қазақстан облысы

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 12:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 13:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 10:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 20:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 11:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 10:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Оспан батыр
    15.05.2021, 13:02
  • Қор болған Қазақстан
    11.05.2021, 11:12
  • Сүйегі табылған қазақ сарбазының жақындары іздестірілуде
    07.05.2021, 09:09
  • Марат ТОҚАШБАЕВ: Саясаттағы тоқырау экономикалық тоқырауға соқтырды
    06.05.2021, 09:21
  • Жалақорға жауап
    06.05.2021, 09:09