Әкімшілік сот төрелігін дамыту
Жоғарғы Сот судьясы Ербол Өмірәлиев бастаған қазақстандық судьялар делегациясы биылғы 2023 жылдың 14-16 мамырында Самарқанд қаласында (Өзбекстан) өткен «Әкімшілік сот төрелігін одан әрі жетілдіру бағыттары» атты әкімшілік істер бойынша судьяларға арналған IV аймақтық семинарға қатысты.
Жұмыс сапары неміс халықаралық ынтымақтастық қоғамының (GIZ) «Орталық Азиядағы құқықтық мемлекеттілікті ілгерілету» қолдауымен жүзеге асты.
Форумда Германия, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркіменстанның судьялары әкімшілік сот ісін жүргізуді қалыптастыру және дамыту бойынша тәжірибелерімен бөлісті.
Конференцияны ашқан GIZ аймақтық бағдарламасының жетекшісі Йорг Пуделка заң үстемдігін құрудағы әкімшілік әділеттің рөлі туралы айтты.
Е.Умралиев өз баяндамасында сот өндірісінің жаңа түрі, оның принциптері мен тетіктері Қазақстанда жеке, заңды тұлғалар мен мемлекеттік органдар арасындағы дауларды тиімді шешуге мүмкіндік беретінін атап өтіп, Қазақстандағы әкімшілік сот төрелігін жетілдірудің негізгі бағыттарына тоқталды.
Алматы қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі алқасының төрағасы Мейірбек Байгелов құқықтық актілерді даулау туралы талап арыздарды қараудың жекелеген мәселелеріне және оларды әкімшілік іс жүргізу аясында шешу перспективаларына тоқталды.
Талқылауға қатысушылар инквизиторлық принципке, «әкімшілік дискреция» түсінігіне, ауыртпалық әкімшілік актінің заңдылығын бағалауға, талап-арыздардың түрлерін ажыратудың іс жүргізу ерекшеліктеріне, қоғамда жасанды интеллектті қолдану, басқару, және әкімшілік актілердің орындалуын реттеу мәселелеріне толығырақ тоқталды.