Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 16:15

Павлодар облысында ауыл әкімі фельдшермен төбелескен

П
Фото: ашық дереккөз

Павлодардағы Қоянды ауылдық округінің әкімі Ержан Уразалимов фельдшермен төбелесіп, аты-жөні жұрт талқысына түсті.

Павлодар облысында орын алған бұл жағдай ауылдағы қарапайым тұрмыстық жанжал емес, мемлекеттік қызметкердің мәдениеті мен жауапкершілігіне қатысты қоғамдағы үлкен мәселені ашып берді.

Әлеуметтік желіде әкімнің жанжал шығарғаны туралы ақпарат тарады. Желі қолданушыларының айтуынша, Екібастұз қалалық ветстанциясының фельдшері әкімнен жәбір көрген.

Полиция департаменті бұл деректі растады.

«Жағдай тұрмыстық сипатқа ие, олардың кәсіби қызметімен байланысты емес. Қатысушылар татуласты, шағым болмайды», – деп қысқа қайырды тәртіп сақшылары.

Алайда қоғамда бұл оқиғаны «жай ғана тұрмыстық кикілжің» деп бағалау көңілге қонбайды. Әкім – мемлекеттік қызметкер, яғни халықтың сенімін арқалаған тұлға. Оның әрбір әрекеті, әсіресе қоғамдық ортада көрсеткен мінез-құлқы, билікке деген көзқарасқа тікелей әсер етеді.

Қазірдің өзінде әлеуметтік желілерде «әкімдердің жауапкершілігі қайда?», «қызметтік этика бұзылса, неге тек сөгіспен шектеледі?» деген сын пікірлер өршіп тұр.

Бұл жағдай елде медицина қызметкерлеріне жасалатын зорлық-зомбылық мәселесі ушығып тұрған кезеңде орын алды. Жақында хирург Антон Кистанов пациенттің соққысынан кейін жансақтау бөлімінде жатуға мәжбүр болған. Ол іс қазір сотта қаралып жатыр.

Яғни, бір жағынан дәрігерлер науқастардан жапа шегіп жатса, енді екінші жағынан жергілікті билік өкілдерінен де жәбір көріп отыр.

Тегтер: