Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 16:10

Әкімдер соңғы уақытта қара көліктерімен ғана көзге түсіп жүр

Марат Сұлтанғазиев
Фото: ашық дереккөз

Бұл жолы жұрт назарына Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев түсті.

Белгілі болғандай, әкімнің іссапарларына арналған жаңа қызметтік көліктер үшін 96 миллион теңге жұмсалған. Айта кетейік, бұл сатып алулар президенттің «шығындарды қысқарту» туралы тапсырмасынан кейін жүзеге асып отыр.

Көліктерді “Қонаев” әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы сатып алған: 61 миллион теңгеге Toyota Land Cruiser 300, ал 34,9 миллион теңгеге — KIA K9 көлігі. Кейін бұл машиналар облыс әкімдігінің балансына өтеусіз берілген.

Бұл бірінші жағдай емес: бұған дейін де Алматы облысы әкімдігі жолсызбен жүруге арналған TANK маркалы қымбат жол талғамайтын көліктерді сатып алған еді. Мұндай сатып алулар қоғам арасында наразылықты өршітіп, шенеуніктердің «үнемшілдігіне» қатысты сұрақтар туғызып жатыр.