11:33, 19 Ақпан 2024
Әкімдік түсіп қалған үш әріпке 18 млн теңге жұмсамақ болған
«Көкшетау» жазуының «Т», «А», «У» әріптері өткен жылдың шілде айында қолайсыз ауа райына байланысты қатты желден бүлінген еді. Көкшетау қаласының әкімдігі бүлінген әріптерді қалпына келтіру үшін 18 млн теңге қаражат жұмсамақ болған. Бұл қоғам арасында резонанс тудырды.
Қаланың ТКШ бөлімі әріптерді қалпына келтіру және қалған «КӨКШЕ» жазуын 18 млн теңгеге дұрыстамақ болған.
Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің араласуымен қала әкімдігі шарттың құнын 4 млн теңгеге төмендетті.
«Бұл ақшалай қаражатты мәслихат сессиясы өткізілгеннен кейін қала тұрғындарының әлеуметтік қажеттілігіне бөлу жоспарланған», - делінген хабарламада.