Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 12:14

Ақмола облысында газ жарылып, 3 адам қаза тапты

1
Фото: ашық дереккөз

Ақмола облысы Сабынды ауылында бұрынғы мешіт ғимаратында газ жарылды.

 Оқиға 17 қараша күні болған. Бұл уақытта, кейбір деректерге қарағанда, мешіт ғимаратында ас беріп жатқан.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, үш адам қаза тауып, тағы 16 адам түрлі дәрежедегі жарақат алған.

Үйінді астынан 46 жастағы ер адам, 41 жастағы әйел және 12 жастағы баланың мәйіттері табылды. Зардап шеккендердің барлығы Астанадағы ауруханаларға жеткізілді.

Төтенше жағдайлар министрлігі жарылысқа газ-ауа қоспасы себеп болғанын хабарлады. Ғимараттан алты газ баллоны шыққан.

Айта кетейік, кеше Астанада екі қабатты үй өртеніп, 4 бала қаза тапты. Қазір апатқа қатысты тергеу жұмыстары басталды.

Тегтер: