Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:17, 20 Наурыз 2025

Ақмола облысындағы «Қазақалтын» кенішінде жұмысшы қаза тапты

Шахта
Фото: ашық дереккөз

Ақмола облысындағы Бестөбе кентінде орналасқан «Қазақалтын» кәсіпорнының «Батыс» шахтасында қайғылы оқиға орын алды.

 

 700 метр тереңдікте ағаш материалдарын көтеру кезінде тау жынысы опырылып, екі кенші жарақат алды. Оларды жер бетіне тек үш сағаттан кейін көтеріп, Степногорск қалалық ауруханасына жеткізді. Өкінішке қарай, зардап шеккендердің бірі, 1985 жылы туған жұмысшы, алған жарақаттарынан көз жұмды.

Тергеу басталды

Оқиға бойынша құқық қорғау органдары тергеу жұмыстарын бастап кетті.

"Бестөбе кенішінің «Батыс» шахтасында жұмысшының қаза болуына байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу бабымен (қызмет бабындағы абайсызда адам өліміне алып келу) іс қозғалды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде", – деп хабарлады Ақмола облыстық полиция департаменті.

Кәсіпорынның меншік иелері және бұған дейінгі оқиғалар

«Алтыналмас» компаниясы бұрын Тимур Құлыбаевтың бизнес-империясының құрамында болған. Қазіргі таңда негізгі акционерлері – Нидерландыда тіркелген Gouden Reserves B.V. және кәсіпкер Владимир Жұманбаев. 2023 жылы Жұманбаев Қырғызстан арнайы қызметтері тарапынан іздеу жарияланған тұлғалардың тізімінде болған. Олигарх қылмыстық беделге ие Камчы Көлбаевты қаржыландыруға қатысы бар деген күдікке ілінген еді. Алайда Қырғызстанға барып, тергеу амалдарына көмектескен соң, оған қатысты барлық сотқа дейінгі іс тоқтатылған.

Бұл соңғы уақытта орын алған алғашқы қайғылы жағдай емес. Бұған дейін Ұлытау облысындағы «Қазақмыс» кенішінде де осындай қайғылы оқиға тіркелген болатын.  17 ақпанда Ұлытау облысындағы «Жомарт» кенішінде табиғи газдың атылып шығуы салдарынан жеті кенші қаза тапқан еді. 

Тегтер: