15:47, 08 Тамыз 2024
Ақмола облысындағы колледждерде 200-ден астам бұзушылықтар анықталды
Ақмола облысының прокурорлары rолледждерді тексеру кезінде қауіпсіздікті, білім беру сапасын қамтамасыз ету, санитарлық бақылау, өрт қауіпсіздігі, күзет, денсаулық сақтау және т.б. салаларда 200-ден астам бұзушылықтар анықталғанын мәлімдеді.
Мысалы, 2 колледжде бұрын зорлық-зомбылық жасағаны үшін сотталған адамдар жұмыс істеді. Басқа колледжде жұмысшылар жұмыс орнында ішімдік ішкен. Аталған адамдар қабылданған шаралармен жұмыстан шығарылды, делінген хабарламада.
Бірқатар оқу орындарында медицина қызметкерлерінің қызмет көрсетуге лицензиясы жоқ.
Сондай-ақ, студенттердің құрдастарына қатысты жүйелі түрде қорқыту фактісі анықталған.