Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:23, 09 Қазан 2024

Ақмола облысының алты ауданында өрт болды

в
Фото: gov.kz

Ақмола облысының алты ауданында жалпы ауданы 33 га құрғақ шөп мен қамыс өртенді. 

Бір тәулік ішінде Ақкөл, Зеренді, Шортанды, Есіл, Астрахан және Атбасар аудандарында алдын ала жалпы ауданы 33 га құрғақ шөптер мен қамыстың өртенуі болды. ТЖ департаментінің, жергілікті атқарушы органдардың, ерікті өрт сөндіру құралымдарының және «Қазавиаорманқорғау» бірлескен күштері мен құралдарының арқасында 6 аудандағы өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, сондай-ақ елді мекендерге қауіп болған жоқ, делінген хабарламада.

Барлық фактілер бойынша халықтың отты абайсыз пайдалануы себеп болған.Атап айтқанда: төмен калориялы тұтану көзі, яғни сіріңке немесе сөндірілмеген темекі сбеп болған.