Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 12:20

АҚШ әскерінің Қытайға құпия қару ақпаратын сатқаны анықталды

АҚШ әскери көмек
Фото: piemags/IMAGO

Тегі қытай үш АҚШ азаматы қытай агенттеріне құны 50 мың долларға дейінгі құпия ақпаратты сатты деген айыппен қамауға алынды.

 АҚШ армиясының әскери қызметшілері өз бастамаларымен Қытай барлау қызметіне M142 HIMARS зымыран артиллериясы, сондай-ақ Брэдли және Страйкер броньды машиналары туралы құпия ақпаратты арзан бағаға сатқан. Бұл туралы Task&Purpose порталы тергеу материалдарына сілтеме жасап хабарлайды.

Сержант Чжан Чжао мен лейтенант Ли Тянь Вашингтон штатындағы Льюис-Маккорд әуе күштерінің базасында қызмет еткен. Қылмыстық іске 2013-2017 жылдар аралығында әскери борышын өтеген Руою Дуан да қатысты. Үшеуі де өткен аптада қытай агенттеріне құны 50 мың долларға дейінгі құпия ақпаратты сатты деген айыппен қамауға алынды.

АҚШ әділет министрлігінің хабарлауынша, Чжан Чжао құпия материалдарды Қытайда тұратын танысына ақшаға айырбастап берген. Чжао HIMARS зымыран жүйесі және АҚШ-тың Тынық мұхитындағы аймақтық одақтастарымен өткізген әскери жаттығулары туралы құпия және өте құпия ақпаратты қамтитын 20 компьютерлік дискі үшін шамамен 15 000 доллар алған. Сонымен қатар, айыптау қорытындысы бойынша, оның өзі Қытайдағы делдалға осы ақпаратқа сатып алушы табуды бұйырған. Сонымен бірге Чжао құпия ақпаратты алудың қиындығын алға тартып, сыйақыны көбейтуге тырысқан.

Әскери базаның денсаулық сақтау әкімшісі лейтенант Ли Тиан Қытай барлауына Брэдли және Страйкер жауынгерлік машиналары туралы құпия материалдарды берген. Дуан бұл құжаттарды Бейжіңге 38 500 долларға сатқан. 

АҚШ әділет департаментінің хабарлауынша, Чжао мен Дуан Орегон штатының федералды сотында 2021 жылдың қарашасы мен 2024 жылдың желтоқсаны аралығында пара алу және мемлекеттік мүлікті жымқыру үшін сөз байласу бойынша айыпталған.

Тегтер: