Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 09:31

АҚШ бір әуетасымалдаушысын Таяу Шығысқа қарай бағыттады

1
Фото: Eric S. Powell/U.S. Navy/Wikipedia

АҚШ Иранмен қарым-қатынастағы шиеленіс күшейген тұста кемінде бір әуетасымалдаушысын Таяу Шығысқа қарай бағыттады.

Бұл туралы Fox News әскери дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады. Аймаққа әскерді жеткізу кемінде бір аптаға созылады делінеді.

Ақпаратқа сәйкес, АҚШ аймаққа әуе және теңіз күштерін күшейтіп, әскери активтерін қайта орналастыруда. Сонымен қатар қауіпсіздік мақсатында кейбір америкалық әскери қызметкерлер Катардағы базалардан уақытша шығарылған.

Иран тарапы АҚШ тарапынан ықтимал соққы жасалған жағдайда қатаң жауап беретінін ескерткен. Ал Таяу Шығыстағы бірқатар елдер Вашингтонды жағдайды ушықтырмауға және дипломатиялық жолды таңдауға шақырып отыр.

Әзірге Иранға қарсы нақты әскери шешім қабылданған жоқ. Ақ үй әскери қысыммен қатар дипломатиялық арналарды да сақтап отырғанын мәлімдеді.