Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 09:30

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Трамп әкімшілігі Иранға қатаң ескерту жасады

Иран ереуіл
Фото: ашық дереккөз

АҚШ билігі БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысында Иранға қатаң ескерту жасады.

Вашингтон Тегеран билігі наразылықты басу үшін өлімге әкелетін қару қолдануды жалғастырса, АҚШ президенті Дональд Трамп әскерін жжіберуге дайын екенін мәлімдеді.

Бұл туралы БҰҰ жанындағы АҚШ-тың арнайы өкілі Майк Уолтц Ирандағы жаппай наразылықтарға арналған Қауіпсіздік кеңесінің төтенше отырысында айтты. Оның сөзінше, Иран билігінің бейбіт шерушілерге қарсы күш қолдануы халықаралық қауымдастықты алаңдатып отыр.

АҚШ өкілі Ирандағы жағдайды адам құқықтарының өрескел бұзылуы деп бағалап, халықаралық қоғамдастықты Тегеранға қысымды күшейтуге шақырды. Уолтцтың айтуынша, АҚШ Иран халқының бейбіт түрде өз пікірін білдіру құқығын қолдайды және биліктің зорлық-зомбылық әрекеттерін қабылдамайды.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің бұл отырысы Ирандағы наразылықтар кезінде қаза тапқандар мен жараланғандар саны туралы ақпараттар тараған тұста өтті. АҚШ тарапы Иран билігін күш қолдануды дереу тоқтатуға және халықаралық талаптарды орындауға үндеді.

Тегтер: