Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:17, 21 Тамыз 2024

АҚШ Демократиялық партиясы Камала Харристің кандидатурасын мақұлдады

Р
Фото: AP/ John Raoux
АҚШ Демократиялық партиясы Камала Харристі президенттікке кандидат ретінде мақұлдады. 

Бұл туралы партия Чикагодағы құрылтайында мәлімдеді.

Харристің кандидатурасын АҚШ-тың барлық штаттары мен аумақтарынан келген делегаттар қолдады, деп хабарлайды CNN.

Камала Харрис шараға Висконсин штатындағы Милуокиден бейнебайланыс арқылы қосылды, онда АҚШ президенттігіне кандидат сайлауалды митингі өткізіп жатыр.

Айта кетейік, Камала Харрис АҚШ президенттігіне кандидат болған алғашқы қара нәсілді әйел және ел тарихындағы мемлекет басшысы лауазымына үміткер екінші әйел. 

Тегтер: