Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 11:15

АҚШ Дохаға шабуыл жасалатын ескерткенін айтты, Катар мұны жоққа шығарды

Доха
Фото: Reuters

АҚШ Қатарды ескерттік десе, Доха мұны жоққа шығарды. Катар «жауап беру құқығын өзінде қалдыратынын» мәлімдеді.

9 қыркүйек күні Израиль Қатар астанасы Дохадағы ХАМАС-тың саяси жетекшілеріне әуеден соққы берді. Шабуыл салдарынан ХАМАС-тың бес мүшесі және Қатардың қауіпсіздік қызметкері қаза тапты.

АҚШ президенті Дональд Трамп бұл оқиғаға «қатты наразы» екенін айтып, толық мәлімдемені сәрсенбіде жасайтынын хабарлады. 

Трамп әлеуметтік желіде:

«Катар – АҚШ-тың жақын одақтасы әрі бейбітшілік үшін делдалдық жасап жүрген егемен ел. Мұндай біржақты бомбалау Израильге де, Америкаға да пайда әкелмейді. Бірақ ХАМАС-ты жою – түпкілікті мақсат», – деп жазды.

АҚШ ресми өкілдері Трамптың арнайы елшісі Стив Уиткофф Катарды шабуыл алдында ескерткенін айтады. Алайда Катар мұны «жалған» деп жоққа шығарды. Сыртқы істер министрлігінің өкілі Мажид әл-Ансари:

«Катар америкалық ресми тұлғаның қоңырауын дәл жарылыстар басталған сәтте қабылдады», – деп мәлімдеді.

Катар премьер-министрі шейх Мұхаммед бен Абдурахман әл-Сани АҚШ-тан қоңырау соққыдан 10 минут өткен соң ғана түскенін айтып, бұл оқиғаны «мемлекеттік терроризм» деп бағалады. Ол сондай-ақ:

«Катар бұл ашық шабуылға жауап беру құқығын өзінде қалдырады», – деді.

Шабуыл Сауд Арабиясы, Мысыр, БАӘ және Еуропалық одақ тарапынан қатаң айыпталды. БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш те Израиль әрекетін сынға алып, Катардың Газа бойынша бітімгерлікке оң рөл атқарып келе жатқанын атап өтті.

ХАМАС өкілдерінің хабарлауынша, әуе соққысы олардың келіссөз тобына  жасалғанымен жоғары лауазымды басшылар аман қалған. Ал қаза тапқандар қатарында қозғалыстың шетелдегі жетекшісі Халил әл-Хайяның ұлы да бар.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху операцияны «толық негізді» деп атап, оны Иерусалимдегі атыс пен төрт израильдік сарбаздың қазасынан кейін бастағанын жеткізді.

Еуропалық одақ бұл шабуылды халықаралық құқықты бұзу деп бағаласа, БАӘ оны  "ашық соққы" деп атады.

Деректерге сәйкес, соңғы екі жылға жуық уақытта Израильдің Газаға жасаған соғысы 64 мыңнан астам палестиндіктің өмірін қиды. Әлемнің жетекші құқық қорғау ұйымдары мен геноцидті зерттеушілер Израильді «геноцид жасады» деп айыптап отыр.

Тегтер: