Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Кеше, 16:04

АҚШ Гуантанамодағы 11 тұтқынды босатты

1
Фото: из открытых источников

Гуантанамодағы йемендіктер Оманға жіберіледі, деп хабарлады Пентагон. Арнайы түрмеде тағы 15 адам қалды, оның ішінде 2001 жылғы 11 қыркүйектегі лаңкестік әрекетті ұйымдастырушы деген күдікті бар.

Ведомствоның мәліметінше, «Америка Құрама Штаттарының ұлттық қауіпсіздігінің мүддесі үшін» олар Оманға, көрші Йеменге тасымалданады. АҚШ әкімшілігі Оман билігіне Гуантанамо тұтқындарының санын азайтуға және осы түрменің жабылу мақсатына қол жеткізуге көмектескені үшін алғысын білдіреді», - делінген Пентагон мәлімдемесінде.

The New York Times газетінің хабарлауынша, 11 йемендікке айып тағылмаған, бірақ еліндегі азаматтық соғысқа байланысты депортацияланбаған.

2024 жылдың желтоқсанында АҚШ президенті Джо Байден Гуантанамо түрмесінің төрт тұтқынын босатқан. Қазір Гуантанамо абақтысында 15 адам, оның ішінде 2001 жылғы 11 қыркүйектегі терактілерді ұйымдастырушы Халид шейх Мұхаммед те бар.

Ол және оның екі сыбайласы шілденің соңында өлім жазасынан босату үшін кінәсін мойындауға келісіп, мойындау туралы келісім жасамақ болған. Алайда Пентагон басшысы Ллойд Остин сотқа дейінгі келісімдерден бас тартты.

Тегтер: