АҚШ Иранға қарсы ұзаққа созылатын құрлық операциясына дайындалуда – WP
АҚШ Қорғаныс министрлігі Иранға қарсы бірнеше аптаға, тіпті «бірнеше айға» созылуы мүмкін құрлық операциясына дайындалып жатыр.
Бұл туралы The Washington Post басылымы жазды.
Ақпаратқа сәйкес, америкалық шенеуніктер мұндай операция толыққанды басып кіру болмайтынын атап өткен.
Жоспарланған әрекеттер арнайы операциялар күштері, жаяу әскер бөлімдері, бірлескен рейдтер форматында жүргізілуі мүмкін. Яғни, бұл классикалық кең ауқымды соғыс емес, тактикалық операциялар сериясы болады.
Саяси шешім әлі қабылданған жоқ
2026 жылғы 28 наурыздағы жағдай бойынша, Дональд Трамп Пентагон ұсынған жоспарлардың бірін бекітті ме – бұл нақты белгісіз.
Қауіптер: АҚШ әскері үшін негізгі тәуекелдер
Мақалада ықтимал қауіптер де аталған:
Иранның дрондары (БПЛА);
жерүсті атыс;
қолдан жасалған жарылғыш құрылғылар (IED);
Бұл факторлар операцияны ұзақ әрі қауіпті етуі мүмкін.
Бұған дейін АҚШ Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) Таяу Шығысқа USS Tripoli десанттық кемесінің келгенін хабарлаған.
Кеменің құрамында шамамен 3,5 мың теңізші, теңіз жаяу әскерлері бар.
Бұл — АҚШ-тың аймақтағы әскери қатысуын күшейтіп отырғанын көрсетеді.
Айта кетейік, АҚШ пен Израиль бастаған операция мен Иран арасындағы қақтығыс бір айдан бері жалғасып келеді. Салдарынан Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасы дерлік тоқтады
Бұл бұғаз әлемдік мұнай тасымалының негізгі маршруты. Парсы шығанағынан мұнай мен сұйытылған газ жеткізетін стратегиялық арна.