АҚШ Иранмен сауда жасайтын елдерге тариф мөлшерлемесін 25%-ға көтермек
АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен сауданы жалғастыратын елдерге импортқа жоғары тарифтерді бекітетін жарлыққа қол қойды.
Жарлықта нақты тариф мөлшері көрсетілмеген, бірақ оны қолдану принципі сипатталған. Онда "осы жарлық күшіне енген күннен бастап Ираннан кез келген тауарларды немесе қызметтерді тікелей немесе жанама түрде сатып алатын, импорттайтын кез келген елдің тауарларына қосымша адвалорлық тариф мөлшерлемесі енгізілуі мүмкін" делінген.
Трамп 12 қаңтарда TruthSocial жазбасында 25% тариф мөлшерлемесін атап өтті.
Жарлықта "президент Иранды ядролық мүмкіндіктерге ұмтылысы, терроризмді қолдауы, баллистикалық зымырандарды әзірлеуі және аймақтық тұрақсыздық үшін жауапкершілікке тартады, бұл Америка Құрама Штаттарының қауіпсіздігіне, одақтастарына және мүдделеріне қауіп төндіреді" деп атап өтілген.
Иран әлі Вашингтонның жаңа қадамына жауап берген жоқ.