Бүгін, 16:41
АҚШ қару-жарақ өндірісін төрт есеге ұлғайтуды жоспарлап отыр
Трамп қорғаныс өнеркәсібі компанияларының басшыларымен кездесуден кейін АҚШ-та қару-жарақ өндірісі айтарлықтай артатынын мәлімдеді.
Оның айтуынша, жетекші әскери-өнеркәсіптік компаниялар жоғары санаттағы қару-жарақ көлемін төрт есеге көбейту жөнінде келісімге келген.
Трамптың сөзінше, өндірісті кеңейту жұмыстары шамамен үш ай бұрын басталған. Қазіргі уақытта кейбір қару түрлері зауыттарда өндіріліп те жатыр.