Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:25, 10 Наурыз 2025

АҚШ құпия қызметінің офицерлері Ақ үй маңында ер адамды жарақаттады

Ақ үй
Фото: Getty Images

2025 жылдың 9 наурызында АҚШ-тың Құпия қызмет агенттері Вашингтондағы Ақ үй маңында қарулы адамды атып жаралады. 

Оқиға түнгі уақытта орын алған. Агенттер Индиана штатынан Вашингтонға бағыт алған күдікті туралы ақпарат алған соң, оның жүрген жерін анықтап, оған жақындаған кезде күдікті атыс қаруын шығарған. Нәтижесінде атыс болып, күдікті жарақаттанып, ауруханаға жеткізілді. Оның қазіргі жағдайы туралы мәлімет жоқ.

Оқиға кезінде президент Дональд Трамп Ақ үйде болмаған, ол демалысын Флоридада өткізіп жатқан.

Кейінгі жылдары Ақ үй маңында бірнеше қарулы оқиғалар тіркелген. Мысалы, 2016 жылы Ақ үйдің бақылау пунктінде тапаншамен қаруланған адамға қауіпсіздік қызметі оқ атқан. 2023 жылы 20 жастағы Үндістаннан келген иммигрант Саи Варшит Кандула жалға алынған жүк көлігімен Ақ үйдің қоршауын бұзып өтуге тырысты. Ол президентті өлтіруді жоспарлағанын мойындады.

Президенттерге жасалған қастандықтар тарихында, 2022 жылдың сәуір айында Киевтегі митингте Райан Уэсли Рут қатысқан. 2023 жылдың 13 шілдесінде Пенсильваниядағы сайлауалды митингте 20 жастағы Томас Мэтью Крукс президент Трампқа қастандық жасап, нәтижесінде бір көрермен қаза тауып, екеуі жарақат алды. Шабуылдаушы арнайы қызмет оғынан көз жұмды.

Бұдан бөлек, өткен жылдың күзінде АҚШ құпия қызметінің агенттері президент Дональд Трамптың гольф клубының жанындағы бұталардан автомат байқап, оқ жаудырған. Күдікті қашып кеткенімен, көп ұзамай көрші ауданда ұсталды. Бұталардың арасынан оптикалық көздеуішпен жабдықталған АК-74 автоматы, екі рюкзак және GoPro бейнекамерасы табылды.

Сонымен қатар, АҚШ Әділет министрлігі Иранның Ислам революциясы сақшылары корпусы Трампқа қастандық жасауды жоспарлағанын мәлімдеді.

Аманғалиева Диана Төлегенқызы

Тұран университеті, журналистика мамандығының 4-курс студенті