АҚШ Мемлекеттік хатшысы Трамп Путинмен қандай жағдайда кездесетінін айтты

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Украина келіссөздерінде ілгерілеушілік болса, Дональд Трамп Владимир Путинмен кездеседі деп мәлімдеді.
АҚШ пен Ресей президенттері Дональд Трамп пен Владимир Путиннің кездесу мүмкіндігі «көбінесе Украинадағы соғысты тоқтату жөніндегі келіссөздердің сәтті аяқталу мүмкіндігіне байланысты». Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио журналист Кэтрин Херриджге берген сұхбатында мәлімдеді.
Трамптың Путинмен кездесуінің шарттары
Рубио 18 ақпанда Эр-Риядта Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен келіссөздер барысында Трамптың Путинмен кездесуін талқылағанын айтты. Бірақ Лавров пен ресейлік шенеуніктерге «біз оның не туралы болатынын білмейінше, кездесу болмайтынын» айтты», - деген Рубио.
«Әдетте бұл кездесулер қандай да бір нәтиже белгілі болмайынша немесе белгілі бір ілгерілеушілікке қол жеткізбейінше өткізілмейді», - дейді Американың сыртқы саясат департаментінің басшысы. Алайда, АҚШ пен Ресей Украинадағы соғысты тоқтату жөніндегі келіссөздерде табысқа қол жеткізе алса және Трамптың Путинмен кездесуі келісімді бекітетін болса, «барлығы президент Трампты бітімгер ретінде құрметтеуге тиіс» дейді ол.
Трамп Путинмен телефон арқылы сөйлескеннен кейін онымен ақпан айының соңына дейін кездесуге болатынын айтқанымен, Рубио мұның қашан екенін білмейтінін мәлімдеген.
Оның айтуынша, АҚШ президенті Ресейдің Украинаға қарсы соғысты тоқтатуға қаншалықты мүдделі екенін білгісі келеді. Мұны тексерудің жалғыз жолы – Мәскеуден тікелей сұрау, дейді Рубио.