«АҚШ өзі бізден мұнай алады, неге Үндістанға болмайды?» — Путин
Ресей президенті бұл туралы India Today басылымына берген сұхбатында айтты. Оның сөзінше, АҚШ өзі Ресей отынын сатып алып отырғанда, Үндістанға оны алуға тыйым салудың қисынсыз екені белгілі.
«АҚШ біздің отынды сатып ала алады, ал неге Үндістанға болмайды?» - деді РФ президенті.
Путин Ресей мұнайының Үндістанға жеткізіліп жатқанын және бұл процесс тұрақты түрде жалғасып отырғанын атап өтті.
Сондай-ақ, Владимир Путиннің айтуынша, Ресей Үндістанның ресейлік отынды сатып алу мәселесін талқылауға дайын, қажет болса бұл тақырыпты АҚШ президенті Дональд Трамппен де сөйлесуге болады. Ол бұл мәселеге мұқият назар аударуды қажет деп санайды.
Украина жөніндегі Путиннің мәлімдемелері:
- Ресей Украинадағы дағдарысты 8 жыл бойы бейбіт жолмен шешуге ұмтылды.
- АӘО — соғысты бастау емес, Батыстың Украина арқылы Ресейге қарсы жүргізген соғысын тоқтату әрекеті деп санайды.
Қазір Ресей басшысы Үндістанға мемлекеттік сапармен барған.