АҚШ пен Иран 45 күндік бітімді талқылап жатыр – БАҚ
АҚШ пен Иран және аймақтағы делдал елдер 45 күнге созылатын ықтимал бітім шарттарын талқылауда.
Келіссөздердің алғашқы кезеңі
Axios дерегінше, бұл бітім ықтимал келісімнің алғашқы кезеңі ретінде қарастырылып отыр. Кейін ол соғысты толық тоқтатуға әкелуі мүмкін.
Бітім кезеңінде тараптар:
-
түпкілікті бейбіт келісім шарттарын талқылайды;
-
қажет болса, бітім мерзімін ұзарта алады.
Ал екінші кезеңде толыққанды бейбіт келісімге қол жеткізу жоспарланып отыр.
Келіссөздерде ең даулы тақырыптар соңғы кезеңге қалдырылған:
-
Ормуз бұғазының толық ашылуы;
-
Ирандағы жоғары байытылған уранның тағдыры.
Сонымен қатар делдалдар Тегеранның Вашингтонға сенімін арттыру жолдарын қарастырып жатыр.
Келісім әзірге жоқ
Axios мәліметінше, Дональд Трамп әкімшілігі Иранға бірнеше ұсыныс жасаған, бірақ олардың ешқайсысы әзірге қабылданбаған.
Дереккөздер келісім алдағы 48 сағат ішінде жасалады дегенге күмәнмен қарайды.
Ал Reuters бұл ақпаратты тәуелсіз түрде растай алмағанын хабарлады. Ақ үй мен АҚШ Мемлекеттік департаменті де ресми түсініктеме бермеген.
Трамптың мәлімдемесі
Трамп Иранмен келіссөздер жүріп жатқанын айтып, келісім жақын арада жасалуы мүмкін екенін меңзеді.
Сонымен қатар ол:
-
Ормуз бұғазын ашуды талап етті;
-
талап орындалмаса, Иран инфрақұрылымына соққы жасау қаупін ескертті.