Бүгін, 14:05
АҚШ пен Иран келесі айда келісімге келмек
Дональд Трамп осындай болжам жасады. Оның айтуынша, егер тараптар келісімге келе алмаса, салдары ауыр болады.
Күні кеше Трамп Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуды қабылдаған. Трамптың сөзінше, Нетаньяху оны Иранмен келіссөзге көндірген. Алайда олардың нақты қандай мәселелерді талқылағаны белгісіз. Ал жабық кездесу шамамен үш сағатқа созылған.
Еске салайық, бұған дейін Иран АҚШ талаптарын қабылдамағандықтан, тараптар нақты келісім жасай алмаған. Трамп Тегеран билігін көндіру мақсатында Таяу Шығыста әуеден соққы жасауға қабілетті ірі техника жіберіп, қысым көрсеткен болатын.